Грант

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Грант (ағылш. grant – сыйға тарту‚ кеңшілік жасау‚ рұқсат беру) – құқықтарды табыстау‚ мүлікті беру туралы құжат; жәрдемқаржыдемеуқаржы; ғылыми зерттеулер мен талдамаларды орындау үшін мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуге қайтарусыз бөлінетін ақшалай қаражат; кез келген меншік нысанындағы субъектілердің немесе жеке тұлғалардың ғылыми және әлеуметтік бағдарламалар үшін, сондай-ақ жеке тұлғаларға – ғалымдарға, өнертапқыштарға, авторларға‚ т.б. қайырымдылық, демеушілік көмек ретінде бөлінетін ақшалай қаражаты; заттай грант – инвесторға меншіктену құқығымен ақшасыз нысанда берілетін мүлік немесе мүліктік құқықтар.

Жеке тұлғалардың грант түрінде және еңбекақы төлеу нысанында пайдаланатын немесе шарттарда көзделмеген өзге мақсаттарға алатын қаражаты олардың жылдық жиынтық табысына енгізілуге және оған салық салынуға тиіс. Жеке тұлғаларға арнаулы қоғамдық қорлар арқылы берілетін ізгілік, қайырымдылық көмек пен грантқа табыс салығы салынбайды.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3</ref>

  1. Мәдени, ғылыми және т.б. мекемелер мен ұйымдарға біржолғы ақша сомасын бөлу немесе құрал-жабдық, үй-жай және т.б. (әдетте жеке қаржысынан) сыйға тарту.
  2. Ұжымдарға, спорт командалары және т.б. мемлекеттік қаражаттан берілетін әтеусіз демеу қаржы, жәрдем ақша.
  3. Студенттер мен оқушыларға мемлекеттік немесе жергілікті бюджеттен төленетін стипендия.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Economy-stub