Юрий Владимирович Пя
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Юрий Владимирович Пя (22 тамыз, 1957 жылы Жамбыл облысында туған) — қазақстандық кардиохирург ғалым. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының төрағасы. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас кардиохирургі. Бес мыңнан астам ашық жүрекке ота жасаған профессор.
Қазақстанның Еңбек Ері (2013). Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің Үздігі. «Алтын Адам» Ұлттық сыйлығының иегері.
Толығырақ
- Юрий Владмимрович ПЯ 1957 жылы 22 тамызда Жамбыл облысында дүниеге келген.
- Мәскеу мемлекеттік медицина иниститутын бітірген.
- 1981 жылы Юрий Владимирович алғашқы еңбек жолын Тула қалалық ауруханысынан бастаған.
- 1982 – 1984 жылдары Бішкектің Фрунзе қаласындағы № 3 балалар ауруханасында жұмыс істеді.
- 1984 -1985 жылдары Қырғызстандағы Корей Республикалық ауруханасында кардиохирург болып жұмыс жасаған.
- 1985 – 1994 жылдары Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы кардиохирургия және терапия орталығында кардиохирург болып жұмыс жасаған.
- 2003 жылы Қазақстанға оралып, Ұлттық ғылыми медициналық орталығының кардиохирургиялық клиникасында жұмысын бастаған.
- 2012 жылдың тамыз айында Қазақстанның Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының тарихында Юрий Пя алғаш рет Чех әріптесі Жан Пирканың көмегімен созылмалы жеткіліксіздігі бар донорлық жүректі –жүрекке ауыстыру процессін жасады.
- Юрий Пя Ұлттық кардиохирургия ғылыми-зерттеу орталығының төрағасы,
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас кардиохирургі.
- Бес мыңнан астам ашық жүрекке ота жасаған профессор.
Мемлекеттік марапаттары
- 2006 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің Үздігі құрметті атағы;
- 2010 жылы Медицина ғылымдарының докторы (құрметті ғылыми атағы);
- профессор (атағы);
- 2011 жылы «Қазақстан денсаулық сақтау ісініе қосқан үлесі үшін» құрметті медалі;
- 2012 жылы «Жыл патриоты» атағы;
- 2012 жылы «Алтын адам» Ұлттық сыйлығының иегері;
- 2012 жылы «Парасат ордені»
- 2013 жылы Қазақстан медицина саласындағы жемісті еңбектері үшін Юрий Владимирович Пя елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз қолынан еліміздің ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Қазақстанның Еңбек Ері» алтын жұлдызды орденімен құрметті атағымен марапатталды (Астана,Ақорда 13 желтоқсан 2013 жылы);
- 2013 жылы еліміздің ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталды (Астана,Ақорда 13 желтоқсан 2013 жылы).