Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (1946-1997, 2001-қазірге дейін)Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республиксының орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.

Тарихы

Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі ретінде 1946 ж. наурыздан <ref>Алғашында 1920 ж. қазанда Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты ретінде құрылды (Қазақ КСР мемлекеттік мекемелері. Анықтамалық. Қазақ АКСР Әлеуметгік-мәдени құрылыс басқармасы органдары, әкімшілік-саяси органдары және әділет соты органдары (1920— 1936 жж.) 2-т., З-б. Алматы, 1983, 36-37-6. қара). 1937 жылдан Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты. 1946 ж. наурыздан — Министрлік. (Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері. Анықтамалық. Әлеуметтік-мәдени құрылыс басқармасы органдары, әкімшілік-саяси органдар және Қазақстан Республикасының әділет соты органдары (1937- 1977 жж.), 2-т., 3-6., Алматы, 1992, 26-27-6. қара).</ref> қызмет етіп келеді.<ref>1992-1997 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 514-518 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref> ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы Жарлығымен <ref>"Азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы № 705 Жарлығы (Ағымдағы мүрағат).</ref> ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде қайта құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы № 1465 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 40, 508-бап).</ref> министрлік туралы ереже бекітілді. 2002 ж. 1 қаңтардан министрліктің ведомстволары құрылды: Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті және Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті. Ережеге сәйкес министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте азаматтардың денсаулығын сақтау саласында арнайы атқарушылық, бақылау-қадағалау функцияларын және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылды.

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: халықтың денсаулығын сақтау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу; азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау; халықты емдеу және алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; денсаулық сақтауды, фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі іс-шараларды белгілеу; ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту; министрлік құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 7 қарашадағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы № 1465 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 ж. 7 қарашадағы № 1111 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 43, 454-бап).</ref> министрлік туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: министрлік қосымша медициналық және фармацевтикалық білім саласында арнайы атқарушылық, бақылау-қадағалау функцияларын және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; министрліктің негізгі міндеттері медициналық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім саласында біртұтас саясатты жүргізу міндетімен толықтырылды. ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).</ref> министрліктің медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті реттеу саласындағы функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1117 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 41, 529-бап).</ref> министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Медициналық қызмет көрсетулер сапасына бақылау жасау жөніндегі комитеті құрылды, оған министрліктің денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру функциялары берілді.Министрліктің Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті министрліктің Фармация комитеті болып қайта құрылды, оған қайта ұйымдастырылған комнтеттің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті реттеуден басқа функциялары берілді. Министрлік басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте азаматтардвщ денсаулығын сақтау, фармацевтикалық және медициналық білім беру саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Министрліктің негізгі міндеттері

  • Халықтың денсаулығын сақтау;
  • Медицина ғылымы, фармацевтикалық және медициналық білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу;
  • Азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • Халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • Министрлік құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.

Құрылымы

Министрліктің құрамында келесі ведомстволар болған:

  • Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті,
  • Фармация комитеті
  • Медициналық қызмет көрсетулер сапасына бақылау жасау жөніндегі комитеті.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Қазақстан Республикасының министрліктері

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}