Юрий Борисович Померанцев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Кинематограф Юрий Борисович Померанцев (11 ақпан, 1923 жылы туған, Киев) — актер, режиссер, педагог, Қазақ КСР-інің халық артисі (1961).
Өмірбаяны
- 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
- Сахналық өнер жолын 1943 ж.Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрынан бастады.
- 1945 — 1953 ж. Балалар мен жасөспірімдер театрының орыс группасында (қазіргі Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры) қызмет етті.
- Спектакльдер қоюмен және педагогикалық қызметпен де шұғылданды.
- 7-сайлауда Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.
Ойнаған рольдері
Тұңғыш ойнаған рөлі — С.В. Михалковтың “Мақтаншақ қоянындағы” қасқыр. Сонымен қатар ол әр алуан шынайы сахналық образдар галереясын жасады. Ойнаған басты рөлдері қатарында қазақ драматургиясы бойынша
- ойшыл, ақын Абай
- оның жақын, пікірлес достарының бірі Долгов (М.Әуезов, Л.С. Соболев “Абай”)
- болыс Майқан (Әуезов “Түнгі сарын”)
- Варламов (М.Сәрсекеев “Жарылыс”), т.б. секілді ой-санасы мен ішкі жан сезімі бір-біріне ұқсамайтын мінез-кейіптер бар.
Ол — сөздің мән-мағынасына ерекше ден қоятын, өткір мінезді, сахналық бояуы мол актер.
- 1957 жылдан киноға түскен: дәрігер Лавров (“Біздің сүйікті дәрігерде”), т.б.
Марапаттары
- Қазақ КСР-і мемлекеттік сыйлығын (М.Ф. Шатровтың “Алтыншы шілде” спектакліндегі Дзержинский рөлі үшін, 1967) алған.
- Еңбек Қызыл Ту ордені
- 2 рет “Құрмет белгісі” ордені
- медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub