Юрий Анатольевич Красножан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Футболшы

Юрий Красножан

Ю́рий Анато́лийұлы Красножа́н (7 маусым 1963, Нальчик) — қорғаныс және жартылай қорғаныс шебіндегі КСРО-ның және Ресейдің ойыншысы. Қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасының бас бапкері.

Ойыншы мансабы

1980 жылдың бірінші жартысында нальчиктық "Спартак" футбол клубында өнер көрсеті. Өзінің төрт жылын Қабарда-балқар клубында өткізді. Ол клубтың атынан Юрий 76 ойынға қатысып бір ғана гол соқты. Юрий Красножан тек футбол ғана ойнап қоймай сабақты да жақсы оқыған. 1985 жылы Красножан КБГУ-ды жоғарғы біліммен бітіреді. Оқуын бітіріп өзінің қаласында жалпы ортақ мектепде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болады.

Бапкер мансабы

Юрий Красножанның ең бірінші бапкерлік еткен командасы "Эталон" деп аталады, кейіннен команданың есімі "Автозапчасти" болып ауысады. Ол команда да Юрий үш жыл бапкерлік етеді. Үш жылдан соң Юрий қайтадан оқуға барады, ол жоғарғы бапкерлік ету мектебіне барып бір жыл оқиды. Бір жыл оқып болған соң жеке бапкерлік ету лицензиясын алады.

Спартак (Нальчик)

2005 жылы Юрий "Спартак" футбол клубына келеді. Ол уақытта нальчиктік клубтың қаражаты төменгі деңгейде болады. Жаңа ойыншылар мен қажетті құрал жабдықтар алуға ақша болмайды. Оған қарамастан Юрий бар ойыншыларды жаттықтырып үлкен жетістіктерге жетеді. 2006 жылы Юрий Красножан Total Football журналының шешімі бойынша ең үздік жаттықтырушы деген атқа ие болады.

Анжи

2011 жылы 27 желтоқсан күні Юрий Красножан "Анжи" футбол клубының басбапкері болып тағайындалады. 2012 жылдың 13 қаңтарында Юрий өзінің қалауымен бапкерліктен бас тартады.

Кубань

2012 жылдың 6 тамызында Юрий краснодарлық "Кубань" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалады. 2013 жылдың 4 ақпанында клубтың бас директорлары Юрий Красножанды жұмыстан шығарамыз деп хабарлайды. Сонымен 8 ақпан күні Юрий Красножан бас бапкерліктен айырылады.

Қазақстан ұлттық құрамасы

7 қаңтар 2014 жылы Юрий Красножан Қазақстан ұлттық құрамасымен келісім шартқа тұрды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер