Нальчик

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нальчик (Nalchik) – халқының саны 234 700 адам болатын (1999) Ресейдің оңтүстік-батысындағы қала, Қабарда-Балқария Республикасының астанасы. Кавказ тауының бөктерінде, Нальчик өзенінің бойында орналасқан. 1818 жылы қорған ретінде негізі қаланғанмен, кейін 1917 жылғы Орыс төңкерісінен кейін өзінің мәнін арттырды. Альпинисттерге арналған әйгілі курортымен танымал. Бұл жерде университеттер мен зерттеу институттары орналасқан. Өндірістік кәсіпорындары әр алуан, олардың қатарында машина жасау және гидрометаллургия да бар.

Үлгі:Бастама