Эталондар дамуының болашағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Соңғы жылдары кванттық эффекттерді пайдалану негізінде жасалынған эталондардың дәлдігі мен сенімділігінің жоғарғы нәтижелері алынды. Ол болашақта жаңа эталондарды жасау мүмкіндігінің бар екендігіне сенімділік тудырады.

Кванттық эффектілерді пайдалану арқылы ампер мен омның қазіргі заманғы эталоны жасалды. Кванттық эталондар шама бірліктерін жаңғырту қателіктері мәнінің тұрақтылығының жоғарғы деңгейімен сипатталады.

Өлшеудің жаңа әдістері мен құралдары көмегімен іргелі физикалық тұрақтылар тексерілуде, сондықтан кванттық эталондардың дәлдігі өсе береді.

Ғалымдардың ойынша, кванттық эталондарды «мәңгі эталондар» деп санауға болады, өйткені бұл эталондардың физикалық шамалардың бірліктерін жаңғырту қабілеті сыртқы жағдайлардың, географиялық орналасу мен уақыттық әсеріне ұшырамайды.

Егер ядролық физика мүмкіндіктері негізінде масса эталоны жасалса, онда көптеген маңызды эталондар «мәңгі» разрядқа көшеді, өйткені олардың шамаларының өлшемдері массамен байланысты болады. Мұндай жағдайларда мемлекеттік эталондарға келтірілген салыстырып тексеру және калибрлеу жүйесі де өзгереді, яғни оның орталықсыздануы болады, ол өз кезегінде экономикалық эффектті қамтамасыз етеді.

Жоғары температурадағы аса өткізгіштік эффектті тәжірибеде қолдану негізінде салыстырмалы қымбат емес кванттың эталондар мен өлшеулердің жұмысшы құралдарын жасау мүмкіндігінің пайда болуы күтілуде. Ол іргелі және тәжірибелі метрологияның дамуында жаңа кезеңнің бастауы болады.<ref>Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 256 бет. ISBN 9965-35-325-5</ref>

Тағы қараныз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эталондар дамуының болашағы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}