Физикалық шамалар өлшемдер объектісі ретінде

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шама

Қоршаған ортаның барлық объектілері өздерінің қасиеттерімен сипатталады. Үдерістер мен физикалық денелердің түрлі қасиеттерін сандық сипаттау үшін шама түсінігі енгізілген. Шама - басқа қасиеттердің ішінен ерекшеленетін және белгілі бір әдіспен бағаланатын белгілі бір нәрсенің қасиеті.

  • Шамаларды талдау оларды екі түрге бөлуге мүмкіндік береді: шынайы және идеалды (6-сурет).
  • Идеалды шамалар негізінен математика саласына байланысты болады және нақты шынайы түсініктердің жалпы түрі болып табылады.
  • Шынайы шамаларды, өз кезегінде, физикалық және физикалық емес, өлшенетін және бағаланатын деп бөлуге болады.

Физикалық шама

Физикалық шама деп көптеген физикалық объекттер үшін сапалың тұрғыда ортаң болатын және сандық мәнде ерекшеленетін физикалық объект (құбылыстың, процестің) қасиеттерінің бірі аталады. Осылайша, «қаттылық» қасиеті сапалық тұрғыда болат, ағаш, шыны сияқты материалды сипаттайды, ал қаттылық дәрежесі (сандық мәні) - олардың әрқайсысы үшін әр түрлі шама.

Физикалық емес шамалар

Физикалық емес шамалар деп қоғамдың ғылымдарға қатысты шамалар аталады. Мысалы, философия, социология, экономика және т.б. салаларда қолданылатын шамалар.

Өнеркәсіп өндірісінде және халық шаруашылығының түрлі салаларында өнімнің сапасын анықтау өте маңызды болып табылады. Сапа - өнімнің арнаулылығына сәйкес белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын қасиеттердің жиынтығы (мысалы, өсімдік майының сапа көрсеткіштері. Сапаны өлшеуге арналған метрологияның бір бөлімі квалиметрияда төмендегідей сапа көрсеткіштерінің түрлері ажыратылады:
Өнімді пайдалану тиімділігінің жалпыланған көрсеткіші болып сапаның интегралды көрсеткіші табылады. Ол өнімді пайдалану немесе тұтынудың жалпы пайдалылығының және өнімді пайдалану, жасаудың жалпы шығындарының араңатынасын анықтайды.
Соңғы уақыттары дәріс алушылардың білімі, спортшылардың шеберлігі, әдемілік, дарындылық сияқты ңасиеттерді өлшеу әдетке айналуда.
Квалиметрияда сапа көрсеткіштері техникалық өлшеулердегі физикалық шамалар сияқты рөл атқарады.
Әрі қарай физикалық шамаларға қатысты түсініктер қарастырылады.

Физикалық шамаларды өлшенетін және бағаланатын деп бөлуге болады.

  • Бағаланатын физикалық шамаларды сандық түрде белгіленген өлшем бірліктерінің (масса, күш, кернеу және т.б.) белгілі бір саны түрінде өрнектеуге болады.
  • Өлшенетін физикалық шамалар - белгілі бір себептермен өлшем бірлігі белгіленбейтін шамалар, сол себептен олар тек бағалануы мүмкін (өнім сапасы, баға және т.б.)

Физикалық шамалардың жіктелуі төмендегі 7-суретте келтірілген. Құбылыс түрлері бойынша олардың түрлері:

  • Энергетикалық (белсенді, активті), яғни энергияның түрлену, берілу және пайдалану үдерістерінің энергетикалық сипаттамаларын суреттейтін шамалар; оларға ток, кернеу, қуат, энергия, заряд жатады, олар қосымша энергия көздерін пайдаланбай өлшенетін ақпарат белгісіне түрленуі мүмкін.
  • Заттық (пассивті), яғни заттардың, материалдардың және олардан жасалатын бұйымдардың физикалық және физикалық-химиялық қасиеттерін сипаттайтын шамалар; радиотехникалық шамалардың ішінен - электрлік кедергі, сыйымдылық, индуктивтілік және т.б; оларға өлшеуіш аңпарат белгілерін қалыптастыратын қосымша энергия кезі қажет; мұнда пассивті физикалық шамалар өлшенетін активті шамаларға түрленеді.
  • Уақыттық процестерді сипаттайтын, бұл топқа түрлі спектальді және поляризациялық сипаттамалар, корреляциялық функциялар және т.б. жатады.

Құбылыстар мен үдерістердің түрлі топтарына қатыстылығы бойынша физикалық шамалар бөлінеді:

Басқа шамалардан шартты тәуелсіздігі дәрежесіне байланысты физикалық шамалар жіктеледі:

  • Негізгі
  • Туынды
  • Қосымша

Бұл белгі бойынша жіктелу туралы төменде толығырақ қарастырылған. Өлшемдерінің болуы бойынша физикалық шамалар бөлінеді:

  • Өлшемі бар
  • Өлшемі жоқ

Өлшемдердің объектісі негізгі және туындыға бөлуге болатын физикалық шамалар болып табылады.

Негізгі шамалар бір-бірінё тәуелді емес, бірақ олар туынды деп аталатын басқа физикалық шамалармен байланысты орнату үшін негіз ретінде қызмет етеді. Эйнштейн формуласындағы негізгі бірлік - масса, ал энергия - бұл туынды бірлік, олардың арасындағы тәуелділікті белгілі формула анықтайды

<math>\ E = mc^2</math>
Негізгі шамаларға өлшемдердің негізгі бірліктері сөйкес келеді, ал туынды шамаларға - өлшемдердің туынды бірліктері.

Негізгі жөне туынды бірліктердің жиынтығы физикалық шамалардың бірліктер жүйесі деп аталады. Бірліктердің бірінші жүйесі болып метрлік жүйе саналады, мұнда ұзындықтың негізгі бірлігі болып метр қабылданған, салмақ бірлігі ретінде - +4°С температурадағы химиялық таза судың 1 см3 салмағы - грамм алынған. 1799 жылы метр мен килограмның алғашқы үлгісі (эталоны) жасалған. Бұл екі бірліктерден басқа метрлік жүйеге өзінің бастапқы нұсқасында аудан (ар - қабырғасы 10 м квадрат ауданы), көлем (стер - бүйірі 10 м-ге тең кубтың көлемі), сыйымдылық (литр - бүйірі 0,1 м-ге тең кубтың көлемі) бірліктері енген.

Осылайша, метрлік жүйеде негізгі және туынды бірліктерге нақты бөлу болған жөң.

Бірлік жүйесі түсінігін негізгі және туындының жиынтығы ретінде ең алғаш рет 1832 жылы неміс ғалымы К.Ф. Гаусс ұсынған. Бұл жүйеде негізгі ретінде мыналар қабылданды:

Бірліктердің бұл жүйесі абсолютті деп аталды.

1881 жылы СГС физикалық шамалардың бірліктер жүйесі қабылданған, оның негізгі бірліктері:

Жүйенің туынды бірліктері: күш бірлігі - килограмм - күш және жұмыс бірлігі - эрг. СГС жүйесін тәжірибеде қолдану қолайсыз болды. Өйткені көптеген бірліктердің арақатынасын анықтау және басқа жүйелерге қайта санау қиындық тудырды.

XX ғасырдың басында итальяндық ғалым Джорджи МКСА деп аталған және әлемде кең таралған тағы бір бірліктер жүйесін ұсынды. Бұл жүйенің негізгі бірліктері: метр, килограмм, секунд, ампер (ток күшінің бірлігі), ал туынды бірліктер: күш бірлігі - ньютон, энергия бірлігі - джоуль, қуат бірлігі - ватт.

Бұдан басқа да ұсыныстар болды. Бұл халықаралық аспектте өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуге тырысуды көрсетеді. Дегенмен, қазіргі уақытта да кейбір елдер өздерінде тарихи қалыптасқан өлшем бірліктерден бас тартқан жоқ. Ұлыбритания, АҚШ, Канадада массаның негізгі бірлігі ретінде фунт саналады, оның мөлшері әр елде әр түрлі. Қазіргі кезде бүкіл әлемде СИ - Халықаралық бірлік жүйесі (SI) кең таралған.<ref>Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 256 бет. ISBN 9965-35-325-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Физикалық шамалар өлшемдер объектісі ретінде|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

ar:كمية فيزيائية be:Фізічныя велічыні bg:Физична величина ca:Magnitud física cs:Fyzikální veličina de:Physikalische Größe en:Physical quantity eo:Fizika grando et:Füüsikaline suurus fa:کمیت فیزیکی fi:Suure fr:Grandeur physique he:גודל פיזיקלי hi:भौतिक राशि hr:Mjerna veličina hu:Fizikai mennyiség id:Besaran it:Grandezza fisica ja:物理量 ka:ფიზიკური სიდიდე ko:물리량 lb:Physikalesch Gréisst lt:Fizikinis dydis lv:Fizikāls lielums mk:Физичка величина ms:Kuantiti fizikal nds:Physikaalsch Grött nl:Natuurkundige grootheid nn:Storleik no:Fysisk størrelse pl:Wielkość fizyczna pt:Grandeza física qu:Chhikan kay ro:Mărime fizică ru:Физическая величина simple:Physical quantity sk:Fyzikálna veličina sl:Fizikalna količina sr:Физичка величина sv:Storhet ta:இயற்பியல் பண்பளவுகள் uk:Фізична величина vi:Đại lượng vật lý zh:物理量