Эпителий түрлері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін

Бірқабатты көпқатарлы призма тәрізді кірпікшелі эпителий

Бірқабатты көпқатарлы призма тәрізді кірпікшелі эпителий (однослойный многорядный призматический реснитчатый эпителий); (лат. epithelium pseudostratificatum)

— тыныс жолдары (мұрын қуысы, аңқа, көмекей, кеңірдек, өкпе бронхтары), ең қосымшасы мен жұмыртқа жолы (жатыр түтігі) кілегейлі қабықтарын астарлайды. Бірқабатты көпқатарлы призма тәрізді кірпікшелі эпителийдің эпителиоциттері негіздік жарғақта бір қабатта орналасады.

Бірақ, эпителий үлпасын пішіні, құрылысы және қызметі әртүрлі эпителиоциттер қүрайды. Бұлар негізінен төрт түрлі болады. Оларға:

  • кірпікшелі эпителиоцитер,
  • ендірме эпителиоциттер (діңгекгі, орынбасу жасушалары),
  • құты (бокал) тәрізді эпителиоциттер (бірклеткалы без),
  • базальды эпителиоциттер (эндокриноциттер) жатады.

Бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий ұлпасының маманданған негізгі жасушалары — пішіні цилиндр тәрізді биік, апикальды бөлігі жуандау, базальды бөлігі жіңішкелеу болып келетін.

— кірпікшелі эпителиоциттер.

Олар қызмет атқаруға маманданып толық жетілгендіктен, бөлініп көбеймейді. Сопақ келген ядролары клетка цитоплазмасының ортасында, жоғарғы қатарда орналасады. Әрбір эпителиоциттің апикальды ұшында ұзындығы 6-10 мкм, ені 200 нм 300-дей кірпікшелер орналасады. Кірпікшелер плазмолеммамен қапталған біліктік жіпшелерден (аксонемалардан) тұрады. Аксонемаларды базальды денешіктерден басталатын, ортадағы — бір жұп және шеңбер бойымен орналасқан шеткі — тоғыз жұп (дублеттер) микротүтікшелер құрайды. Базальды денешікгің құрылысы центросома органелласы центриольдерінің құрылысына ұқсас. Барлық кірпікшелі эпителиоциттердің базальды денешіктері бір деңгейде орналасқандықтан, кірпікшілерде бірдей деңгейде және биіктікте орналасып, тұрақты қозғалыста болады.

Ендірме эпиолицеттер — биіктігі әртүрлі (биік, орташа, аласа) кірпікшесіз жасушалар. Олардың төменгі базальды бөлігі жуан, апикальды ұшы сүйірлеу болып келеді. Ендірме жасушалар кірпікшелі эпителиоциттердің аралықтарында орналасқандықтан, оларды аралық эпителиоциттер деп те атайды. Биік ендірме эпителиоциттердің сопақ келген ядролары эпителиоциттер цитоплазмасының ортасында, ал биіктігі орташа және аласа ендірме жасушалардың дөңгелекше келген ядролары эпителиоциттер биіктігіне сәйкес, негіздік жарғаққа жақындау орналасады.

Ендірме эпителиоциттер — зақымдалган кірпікшелі эпителиоциттердің орнын басатын, камбиальды діңгекті жасушалар. Эпителиоциттер қабатында құты (бокал) тәрізді эпителиоциттер кездеседі. Олар эпителийдің ішкі бетін сылап, ауадағы шаңтозандарды, микроорганизмдерді жабыстырып алатын кілегей бөледі. Эпителиоциттер кірпікшелері кілегейді тыныс жолдарымен сыртқа қарай қозғап ағызып жинақтап, қақырыққа айналдырады.

Аталған эпителиоциттер тыныс жолдарының қабырғасын шектеумен қатар, қорғаныс қызметін де атқарады. Эпителий қабатының құрамында тым аласа түйіршікті базальды клеткалар да кездеседі.

Олар — биологиялық белсенді заттар бөлетін эндокриноциттер. Бірқабатты көпқатарлы призма тәрізді кірпікшелі эпителий деп аталу себебі, эпителийдің барлық клеткалары бір қабатта орналасып, негіздік жарғақпен жанасады. Бірақ, эпителиоциттерінің биіктігі әртүрлі болғандықтан, олардың ядроларының пішіндері де әртүрлі болып және олар әртүрлі деңгейде орналасып, көп қатар түзеді. Жұмыртқа жолы кілегейлі қабығын астарлайтын кірпікшелі эпителий жасушаларының кірпікшелері жұмыртқа жасушаларының (овоциттердің) жұмыртқа жолы қуысымен жатырға қарай қозғалуына ықпал етеді. Бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий мезодермадан (ең қосымшасының өзегі және жұмыртқа жолы қабырғаларының эпителий қабаттары) және энтодермадан (тыныс жолдары мүшелерін астарлайтын эпителий қабаттары) дамиды.

Бірқабатты призма (цилиндр) тәрізді эпителий

Бірқабатты призма (цилиндр) тәрізді эпителий (однослойный призматический эпителий); (лат. epithelium simplex columnare) — негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні призма тәрізді эпителиоциттерден тұрады.

Олардың биіктігі енінен әлдеқайда ұзын болып келеді. Эпителиоциттердің сопақ келген ядролары да бір қатарда орналасады және негіздік жарғаққа жақын жатады. Құрылысы мен қызметіне байланысты эпителий бірнеше түрге бөлінеді.

  • Бірқабатты призма тәрізді безді эпителий — безді қарын мен жатыр мойынының кілегейлі қабықтарын астарлайды.

Эпителий эпителиоциттері — шекаралық шектеу қызметімен қатар, кілегейлі сөл бөледі.

  • Бірқабатты призма тәрізді жиекті (көбелі) эпителий — ащы және жуан ішектердің, өт қабының, бауыр мен үйқы безі өзектерінің кілегейлі қабықтарын астарлайды. Эпителиоциттерінің апикальды ұшында сору процесіне маманданған микробүрлерден құралған жиегі (көбесі) болады. Сондықтан, эпителий ұлпасы жиекті эпителий деп аталады.

Әрбір эпителиоциттің апикальды ұшында мыңдаған микробүрлер (электронды микроскоппен ғана көрінеді) орналасып, эпителиоциттер плазмолеммасының сору ауданының көлемін 30 есе ұлғайтады. Эпителиоциттер қабатында пішіні құтыға (бокалға) ұқсаған жекеленген біржасушалы бездер (құты тәрізді жасуша) кездеседі. Бұлар эпителиоциттердің ішкі бетін сылап, оларды механикалық және химиялық факторлар әсерлерінен қорғайтын кілегей бөледі. Бірқабатты призма тәрізді эпителий энтодермадан дамиды.

Бірқабатты текше (куб) тәрізді эпителий

Бірқабатты текше (куб) тәрізді эпителий - (однослойный кубический эпителий); (лат. epithelium simplex cuboideum) — организмдегі без өзектері мен бүйрек нефрондарының, қалқанша безі фолликулдарының қабырғасын астарлайды. Негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні текше тәрізді эпителий клеткаларының биіктігі мен ені шамалас. Мөлшері біркелкі дөңгелек келген ядролары бір деңгейде, бір қатарда және жасушалар цитоплазмасының ортасында орналасады.

Бірқабатты текше тәрізді эпителий без өзектерінде - шектеу және шекаралық, фолликулдар қабырғаларында — зат алмасу қызметін атқарады, ал бүйректе несеп түзуге қатысады. Бүйрек нефрондары қабырғасындағы текше тәрізді эпителиоциттердің апикальды ұштарында алғашқы несептен керекті заттарды (глюкоза, амин қышқылдары, тұздар, су) кері соруға маманданған, жасуша плазмолеммасынан түзілген микроб үрлер, ал олардың негіздік (базальды) ұштарында эпителиоцит плазмолеммасы қатпарларынан құралған базальды жолақ болады.

Микробүрлер эпителиоцит плазмолеммасының сору ауданын 30-40 есе ұлғайтады. Базальды жолақта, керісінше, зәр құрамына шығарылатын азот және протеин алмасуларының ыдырау өнімдері синтезделеді. Бірқабатты текше тәрізді эпителий эктодермадан (қалқанша безі фолликулдарының қабырғаларындағы ұлпа), мезодермадан (бүйрек өзекшелерінің қабырғаларындағы ұлпа) және энтодермадан (без өзектерінің қабырғаларындағы ұлпа) дамиды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эпителий түрлері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}