Инсульт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:MCA-Stroke-Brain-Human-2.JPG
Инсульттан қайтыс болған адамның миы

Инсульт (Үлгі:Lang-la — соққы, қыспа талу, инсульт) — ми тканінің зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз). Инсульттың басты себебі — гипертония ауруы және ми тамырларының атеросклерозы. Оның пайда болуы қан айналысының гасуына байланысты. Көп ретте ауру адам кенеттен құлап қалады, есінен танады; оларда аяқ пен қолдың парезы (сал болуы) әдетте дененің бір жағынан басталады, тілі күрмеледі, алғашқы сағаттарда тыныс алуы бұзылып, денесі тырысады, құсады.

Көптеген ауру адамдарда инсульт кенеттен пайда болғанымен, осының алдында оның нышандары білінеді. Мәселен, гипертония ауруы және атеросклероз кезінде адамның басы айналады, миы зеңіп ауырады. Сырқаттың сырт киімін шешіндіріп, бас жағын көтеріңкіреп кереуетке жатқызу керек; адамның жатқан қалыптан қозғалмауы шарт. Дәрігерді дереу шақыру қажет. Мұндай науқаспен ауырған адам ерекше күтімді қажет етеді.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}