Электрмагниттік өріс импульсы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЭЛЕКТРМАГНИТТІК ӨРІС ИМПУЛЬСЫ – электрмагниттік өрістің белгілі бір көлемдегі қозғалыс мөлшері; электрмагниттік өрістің динамикалық сипаттамасы. Эл.-магн. өріске орналасқан денеге мех. күштер әсер етеді. Мұндай әсер кезінде дене эл.-магн. толқындарды жұтады не олардың бағытын өзгертеді (шағылдырады, шашыратады, сындырады). Электрмагниттік толқындар сәулесін (мыс., жарықты) шығарған кезінде де дененің импульсы өзгереді. Э. ө. и-ның болатындығы жарық қысымы жөніндегі жүргізілген тәжірибеде (П.Н. Лебедев, 1899) анықталды. Эл.-магн. өрістің классик. теориясы, яғни Максвелл теңдеулері бойынша, Э. ө. и. кеңістікте: (бірліктердің СГС жүйесінде) не (бірліктердің халықаралық жүйесінде) көлемдік тығыздықпен таралады, мұндағы – электр өрісі кернеулігі (Е) мен магнит өрісі кернеулігінің (Н) векторлық көбейтіндісі, с3108 м/с – вакуумдағы жарық жылдамдығы. Оның сан мәні: ЕН sіn формуласымен анықталады, мұндағы  – Е мен Н-тың арасындағы бұрыш. Эл.-магн. өрістің кванттық теориясы (қ. Кванттық электрдинамика) бойынша өрістің энергиясы мен импульсын тасушы сол өрістің кванты – фотондар болып есептеледі.  жиілігі бар фотонның ї-ге тең энергиясы, ї/с-ға тең импульсы болады, мұндағы ї – Планк тұрақтысы. Фотонның импульсы болатындығы көптеген құбылыстарда (мыс., Комптон эффектісі) байқалды. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}