Динамика
Динамика<ref>Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2</ref> (Үлгі:Lang-el – күш) – механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдары. Классикалық механиканың бөлімі.
Мазмұны
Релятивистік динамика
Релятивистік динамика - механиканың, жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығына жақын, дененің қозғалысын оқып- зерттейтін бөлімі.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>
Кедейшілік динамикасы
Кедейшілік динамикасы - кедейшілік деңгейінің уақыт мерзімінде өзгеруі.<ref name=a1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>
Қоғамның динамикасы
Қоғамның динамикасы - үлкен әлеуметтік топтарды қамтитын және қоғамның әлеуметтік құрылымында немесе әлеуметтік жүйесінде бейнеленетін әртүрлі өзгерістер, айналулар, ауысулар, үрдістер және т.б.<ref name=a1/>
Әлеуметтік институттардың динамикасы
Әлеуметтік институттардың динамикасы -
- а) туу сәтінен жоғалу сәтіне дейінгі институттың өмірлік циклы;
- б) кемелденген институттың қызмет атқаруы, яғни анық және жасырын функциялардың орындалуы, дисфункциялардың пайда болуы және оларды жою;
- в) институттың эволюциясы - тарихи мерзімдегі түрлер мен мазмұндардың өзгеруі, жаңа функциялардың пайда болуы және ескілердің жоғалуы.<ref name=a1/>
Музыкада
Музыкалық шығармадағы үннің күші мен қаттылығының әр түрлі деңгейі. Динамиканың түрлері италиялықтар тілінде белгіленеді. Дауыс күшінің бірте-бірте өрлеуі, бірте-бірте әлсіреуі - динамикаға акценттің түрлері де жатады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>