Экспрессия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Экспрессия - суреттеп, көркемдеп көрсететін, тілге ерекшелікпен эмоционалды бояу беретін сөйлеу сапасы.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007.

ISBN 9965-08-235-9</ref>

Экспрессия (Үлгі:Lang-la — біліну, көріну) адамның вербалды емес жолмен өзінің ішкі күйін немесе ішкі әлеміндегі ақпаратты басқа адамдарға болмысынан немесе үйреніп алған қимыл-қозғалыстар (мимика, пантомимика, жестілер) арқылы жеткізетін жүйе. Экспрессия — көрнектілік; сезімнің, күйініш-сүйініштің көріну күші. Экспрессиялық реакциялар адамның эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көрінісі (мимикада, пантомимикада, дауыста, ишарада) болып табылады. Экспрессияның зерттелу тарихын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең үшін Аристотельдің, Гиппократтың ілімдерінде негізі бар дәстүрлерді ұстану тән; бұл кезең физиогномика туралы ілімнің жасалуымен аяқталып, XIX ғасырдың ортасына жеткенде ғылыми тұрғыдан қисынсыз болып шықты. Екінші кезеңнің басталуы Ч. Дарвиннің еңбектерімен басталады. Ол білдіру қимылдарының бейімделу механизмдерінің бірі ретінде пайда болғаны туралы және эмоцияны білдірудің адам мен жануарлардағы филогенетикалық ортақтығы туралы болжам ұсынды. Экспрессия адамда генетикалық тұрғыдан болғанымен, әлеуметтік нормаларға орай үйрену процесіне байланысты. Бұл орайда белгілі бір эмоциямен ешқандай "табиғи" байланысы жоқ эмоциялық нысандар пайда болуы мүмкін. Белгілі бір мәдениетке қатысты адамдарда эмоция нысандары біршама ұқсас болады. Эмоцияның әр түрлі мәдениеттер адамдарына ұғынықты әмбебап нысандары да, белгілі бір мәдениет шеңберінде ғана түсінілетін нысандары да болады. Мысалы, көз жасы қайғы мен уайымның белгісі ретінде әмбебап дерлік, алайда бұл реакцияның нысаны (қашан, қалай және қаншалықты ұзақ жылау керектігі) мәдениет нормаларына байланысты. Экспрессияның адамдар арасындағы қарым-қатынас сипатына елеулі ықпалы болады. Эмоцияның басы артық не жеткіліксіз болуы, оның нақты жағдайға сәйкессіздігі адамның қарым-қатынастарындағы кикілжіңдердің себебі болуы әбден мүмкін.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Экспрессия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}