Физиогномика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Физиогномика - өткен ғасырлардың 20-жылдарында ғылыми білімдерде өріс алған адамтану ғылымының практикалық мәні бар саласы.


Адамның сыртқы табиғи қимыл-қозғалыстарына тұлғаның жеке ерекшілігін, мінезін - адамның сыртқы келбетімен байланыстырып зерттейтін сала. Ол сол кездері хиромантия, френология, графология ілімдерімен сабақтастыра баяндалатын. Қазақ топырағында бұл мәселені Ж.Аймауытов өзінің "Психология" кітабында тұңғыш көтерген еді. Адамның өмірінде әртүрлі ырықсыз, ырықты қозғалыс, бет құбылыстарынан физиогномиканың алатын орны зор. Мұндай қозғалыстар жүріс-тұрыстан ерекше көрініс табады. Мәселен,тек қана бет пен көздің өзінде оның сан алуан көріністерін жиі байқауға болады. Ә.Болғанбаевтың "Синонимдер сөздігінде" бет пен көздің әрқайсысының 40-тан астам синонимдері тіркелген .Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой өзінің "Соғыс және бейбітшілік" атты романында өз кейіпкерінің көз, ауыз, беттің әртүрлі жықпылдары, қас, кірпік, шықшыт т.б. 98 түрін өз кейіпкерінің (Наташа Ростова, Пьер Безруков т.б.) психологиясын көрсетуге көрсетуге шебер қолданғанын ұлы жазушыны зерттеушілер ерекше атап өтеді.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Бастамаde:Physiognomik