Экскурсияны даярлау методикасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Методика» деген сөз грек тілінен пайда болған «метод» деген сөз – «бір нәрсеге жол» деп аударылады. Методиканың жалпы ұғымы – алдына қойған мақсатқа жетуі. Ал, «экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді.

Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі. Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХ ғғ. енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды. Экскурсиялар туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928ж «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 ж «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкампросаның» эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 ж бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды.

Экскурсия методикасының негізгі ережелері

1. Экскурсантқа көруге, тыңдауға және сезуге көмек беру;

2. Экскурсантқа объекті көрудің, түсінудің практикалық дағдысын беру;

3. Тақырыпқа, әңгімеге, көрсетуге бүкіл экскурсия бойы тұрақты назар қамтамасыз ету.

Бұл ережелерді іске асыру үшін экскурсоводтан тек қана экскурсия мазмұнын ғана білу емес, оны өткізу және жүргізу методикасын білуін қажет етеді.

Экскурсия методика жұмысы 2 бөліктен тұрады:

1. Экскурсия дайындау методикасы;

2. Экскурсия өткізу методикасы.

Экскурсия маршрутын жасау

Сурет:Guided tour pauses at the railway bridge in Mill Lane - geograph.org.uk - 984898.jpg
Экскурсанттар объектіні тамашалауда

Экскурсия маршрутын жасағанда экскурсиялық топтың қозғалыс кезінде уақытты үнемді пайдалануды есте сақтау керек. Бірқалыпты объектілерді көрсете беруде сақ боду керек. Экскурсияның уақытын көрсетумен, әңгімелеумен және паузалармен толықтыру қажет. Көрсету мен әңгімені пайдаланудың 4 варианты бар:

1. Әңгіме мен көрсетудің бірге жүріп отыруы – экскурсанттар бейнеленіп жатқан объектіні зерттейді;

2. Тек қана әңгіме айтылады – қалаға сипаттама бергенде және тарихи оқиғалар қарастырылғанда;

3. Тек қана көрсету жүргізіледі – объектіні экскурсовод көмегімен зерттеу;

4. Көрсету де, әңгімелеу де жоқ – экскурсанттардың өзіндік жұмысы (бақылау, алған әсер мен білімді меңгеру).

Экскурсия кезінде тек қана әңгімелей берсе біраз уақыттан кейін экскурсияға деген қызығушылық төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады. Сондықтан объектілерді көрсетудің, әңгімелеудің арасында үзілістің болуы тиіс.Экскурсия жасаған кезде маршрутқа байланысты үзілістерді жоспарлайды. Қала сыртына жасалған экскурсияла үзілістер ұзақтау болады. Үзілістерді дұрыс пайдалану керек. үзіліс кезінде пікір алысуға, көргенді талқылау дұрыс емес. Өйткені, кейіннен аудиоториялық қызығушылығы төмендейді. Лекция тыңдаушыларының зерттеуі бойынша 14-ші, 25-ші, 34-ші минуттарда тыңдаушылардың назары төмендейді екен. Сондықтан экскурсиялық методика осы уақыттарда жаңа объектті енгізеді. Одан басқа назар аударарлық тәсілдерді пайдаланылады (жазылған дыбысты тыңдау, слайдтарды көрсету)<ref name="source1">http://tourlib.net</ref>.

Жаңа экскурсияны дайындау

Жаңа экскурсияны дайындау шығармашылық топқа жүктеледі. Оның құрамын экскурсияның қиындығына қарай 3-7 адам кіргізіледі. Топ жетекшісі тағайындалады. Көп жағдайда ол сол мекемелер жұмыс істеп жүрген экскурсоводтар кіреді. Кеңесші ретінде әр түрлі салалардың мамандары шақырылады. Жаңа экскурсияны дайындау 3 кезеңнен тұрады:

1. Алдан-ала жұмыс – келешек экскурсияға мәліметтер жинау және сол мәліметтерді зерттеу, сонымен қатар экскурсияда көрсетілетін объектілерді таңдау;

2. Тікелей экскурсия дайындау – бұл дегеніміз экскурсиялық маршрутты құру, нақты мәліметтерді өңдеу, бірнеше негізгі сұрақтардан тұратын экскурсияның негізгі бөлігінің мазмұнын құрастыру, бақылау мәтінін жасау, экскурсия методикасын жинақтау, әңгімелеудің, көрсетудің тиімді методикалық тәсілдерін анықтау;

3. Қорытынды кезең – экскурсияның маршрутты қабылдау мекеменің басшысымен жаңа экскурсияны бекіту және экскурсияның алдында шығармашылық топ экскурсияны қорғайды. Жаңа экскурсияны дайындаудың кезеңдерін бейнелеуге болады. Олардың өзіндік реті бар. экскурсия тәжірибесінде қалыптасқан жүйелілік бойынша қарастырамыз.

Объектілерді таңдап алу

Сурет:Tour guide in Melrose library IMG 3454.JPG
Экскурсовод жұмыс үстінде
Сурет:Ludlow guided tour stops at the war memorial - geograph.org.uk - 1466877.jpg
Экскурсовод ескерткішті көрсетуде

Объект болып бір оқиғамен байланысты ғимараттар, түрлі құрылыстар, археологиялық ескерткіштер, өнер туындылары саналады. Экскурсия кезінде объекті көрсету басты орын алады. Дұрыс таңдалған объектілер олардың саны, көрсетудің кезектілігі экскурсия сапасына әсер етеді.

Объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:

1. Біздің халқының өмірінде болған тарихи оқиғалармен, қоғаммен, мемлекеттің дамуымен байланысты орындар;

2. Ғимараттар мен құрылыстар, мемориалды ескерткіштер, белгілі адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты орындар: архитектуралық ансамбльдер, қоғамдық-инженерлік құрылыстар, мәдени саласындағы ғимараттар және т.б.;

3. Табиғи объектілер: ормандар, саябақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен қорықшалар және реликті өсімдіктер;

4. Мемлекеттік және халық мұражайлардың сурет экспозициясы, тұрақты және уақытша көрмелер;

5. Археология ескерткіштері: ежелгі тұрақтар, қоныстар, қорғандар, киелі орындар және т.б.;

6. Өнер ескерткіштері: бейнелеу өнерінің туындылары, қолтаңбалы өнер, мүсін және т.б.

Экскурсиялық объектілер келесі топтарға бөлінеді:

1. Мазмұны бойынша: бір жоспарлы және көп жоспарлы;

2. Функционалды белгісі бойынша: негізгі және қосымша;

3. Сақталу дәрежесі бойынша: толық сақталған, біздің уақытымызға дейін біраз өгерістермен жеткендер, жартылай сақталған және жоғалтылған.

Экскурсияға кіргізілген объектілерге баға беру үшін келесі ережелерді пайдалану ұсынылады:

1. Танымдылық құндылығы – бұл дегеніміз объектінің бір нақты оқиғамен белгілі мәдени қайраткерлердің өмері мен шығармашылығына байланысты.

2. Объекттің әйгілігі – оның халық арасында белгілігі.

3. Объектінің әдеттігіден тыс болуы – объектінің қайтланбас ерекшелігі бір аңызбен немесе оқиғамен байланыстылығы.

4. Объекттің айқын көрінуі – сыртқы айқындығы қоршаған ортамен, ғимаратпен, құрылыстармен, табиғатпен өзара байланыстылығы.

Маршрутты аралап шығу

Сурет:Sani tour guide at Stone Forest 6.JPG
Маршрут бойынша жүру

Маршрутты тексеріп шығу экскурсия жасалу кезінде негізгі этаптың бірі болып табылады. Маршрутты тексеріп шығуды ұйымдастырған кезде келесі міндеттер қойылады: - Маршруттың жоспарымен, маршрутта қарастырылған көшелермен, алаңдармен танысу; - Объекттің орналасқан жерін анықтау, экскурсиялық автобустың тоқтайтын жерлерін анықтау; - Әрбір объектті көрсеткен кезде жұмсалатын уақытты есептеу (хронометраж); - Белгіленген объектілердің дұрыс таңдалғанын анықтау; - Объектті дұрыс, тиімді көрсететін нүктелерді табу және сол объектінің қасында туристерді орналастыратын орындарды анықтау; - Объектпен танысатын методикалық тәсілдерін анықтау; - Маршрутта қауіпті жерлерді анықтап, туристердің қауіпсіздігіне шара қолдану.

Бақылау мәтінін дайындау

Бақылау мәтіні шығармашылық топпен жасалады. Бақылау мәтіні басқаша «фирма мәтіні» деп аталады. Бақылау мәтінінде әдебиеттен үзінділер, статистикалық мәліметтер, сонымен бірге экскурсия кріспесі, мазмұны және қорытындысы толық жазылады.Бақылау мәтінінде маршрутпен байланысты емес мәліметтерде кіреді. Осы мәліметтер экскурсия басқа варианттарын жасаған кезде көмектеседі.Бақылау мәтіннің көлемі, мысалы 3 сағаттан экскурсия болса 40-50 басылым бет болу керек. ал жаяу экскурсияларда 25-30 бет болу керек<ref>Емельянов Б.В. Экскурсоведение. Учебное пособие. М., 2002.</ref>.

Дереккөздер

<references/>