Экскурсияның белгілері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Экскурсия (латын. excursio — серуендеу) — жеке тұлғаның өзі уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытта көріп тамашалауы. Сөз тұлғасы орыс тіліне XIX ғасырда енген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық» деген мағынада қолданылып, кейін сөз мағынасы «серуенге шығу», «жорық», саяхаттау деген ұғымға ауысқан.<ref name="source1">http://tourlib.net</ref>

Бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХғғ енгізілген. 1910 жылы оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшінМәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды. Совет өкіметі экскурсияны оқу үрдісіне ең қажет элемент ретінде қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Оқушылардың орталық экскурсиялық бюросы» құрылды. Экскурсиялар туризмнің мәдени-танымдық түрі және құрама бөлігі ретінде 1920-30 жылдарда қарқынмен өрлей бастады. 1928 жылы «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 жылы «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкомпросаның» эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 жылдан бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығы ВЦСПС-ке өткізілді <ref name="source1">http://ru.wikipedia.org</ref>.

Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Кеңестер Одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырларда оқу-білім беру ісінің белгілі мамандары экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі ретінде санаған. Экскурсия бастапқы кезде мектептегі белгілі бір пәндердің бағдарламаларына енгізіліп, табиғатқа шығу, айналамен танысу сипатында өткізілген. Кейін оқу экскурсияларымен қатар оқудан тыс экскурсиялар да жолға қойыла бастаған. Бірақ мұндай экскурсияларға алғашында тек ауқатты адамдардың ғана шамасы келген. Олар сол кезде Қырымға, Кавказға, шетел курорттарына саяхат жасаған.Экскурсия кезінде танымдық білім алу мақсатын XVIII ғасырдағы алдыңғы қатардағы прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі демеушілер арқылы шешкен.

Экскурсия — білім алудың негізгі формасы. Экскурсиялардың түрлі қоғамдық формацияда да, мемлекеттің түрлі кезеңдерінде де өзіндік орны болған. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т.б.бірнеше түрлері бар. Алғашқы экскурсиялар өткен ғасырлардың қоғамдық өмірімен танысуға қызығушылықтан жүзеге асқан. Бұл сол кезеңде діни, әулие жерлерге қажылық жасау сапары арқылы көрініп отырды.

Экскурсияның белгілері

Сурет:United Nations Tour Guide Male Rodsan18a.jpg
Экскурсант объект маңында

Экскурсияның 8 белгісі:

1. Экскурсияның ұзақтығы. Экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады. Уақыт академиялық сағат бойынша есептеледі. Ең аз уақыт алатын экскурсиялар — музей және көрме экскурсиялары. Ең ұзағы – қала сыртына жасалған экскурсиялар.

2. Экскурсанттардың болуы. Экскурсанттар саны негізінде 1 адамнан 50 адамға дейін болады. Кей кездері 70 адамға жетеді.

3. Жоғары маманды экскурсоводтың болуы.

Экскурсоводтар категориялары

Сурет:Japanese tour guide.jpg
Жапон экскурсанты

Экскурсоводтар 4 категорияға бөлінеді:

  • 1-категориялы экскурсоводтар 1 тақырыпты біліп, 2-3 экскурсия жүргізуі керек;
  • 2-категориялы экскурсоводтар 2-3 тақырып біліп, 7-8 экскурсия жүргізу керек;
  • 3-категориялы экскурсоводтар 4-5 тақырып біліп, 15-20 экскурсия жүргізу керек;
  • 4-категориялы экскурсоводтар 10 тақырыптан артық біліп, жеке экскурсияларды жеке ұйымдастырады.

4. Экскурсия кезінде объектілерді көрсету.

5. Экскурсанттардың алдын ала жоспарланған маршрутпен жүруі.

6. Экскурсиялық объектілерді көрсетудің мақсаты.

7. Экскурсиялық құжаттар:

1) Экскурсиялық маршруттың сызбасы;

2) Экскурсия мәліметтері;

3) Экскурсоводтың портфелі7

8. Экскурсанттардың белсенділігі.

Экскурсияның қызметтері

1. Танымдық;

2. Ақпараттық;

3. Демалыс уақытын ұйымдастыру;

4. Тәрбие, сауықтыру және т.б<ref>Емельянов Б.В. Экскурсоведение. Учебное пособие. М., 2002.</ref>.

Дереккөздер

<references/>