Шөгінділер түрлері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

  • Абиссал шөгінділер. Теңіз (мұхит) суының 3-4 км-лік тереңдіктерінде түзілген шөгінділер (тұнбалар).
  • Батиал шөгінділер. Мұхит төсеніші мен қайраң аралығындағы аймақтарға тән ьиөгінділер; 200-500 ж-ден 2000-3000 м-те дейінгі тереңдіктер аралығында қалыптасады деп есептелінеді.
  • Биогендік шөгінділер. Организмдердің қазба қалдықтары есебінен қалыптасқан шөгінділер.
  • Галогендік шөгінділер (тұнбалар). Аса қаныққан сулы ерітінділер (мәселен, көлтүздықтар) қүрамындағы минералдардың нақтылы термодинамикалық жағдайларда тұнбаға түсуі нәтижесінде қалыптасатын шөгінділер (тұнбалар) саяз сулы түзды көлдер, шығанақтар, бөгендep т.с.с. түбінде ыстықта аңызақ климат жағдайында түзіледі; көбінесе хлоридтер мен сульфаттардан тұрады, сирегірек карбонаттар мен бораттар да ұшырасады.
  • Түптік шөгінділер. Су алаптары түбінде түзілген барша шөгінділер хақында жиі қолданылатын ауызекі термин.
  • Әкті шөгінділер. Құрамының көпшілігі яки кем дегенде 30 %-дан астамы биогендік, хемогендік, сирегірек терригендік кальцит пен арогонит түріндегі кальций карбонатынан тұратын иіөгінділер. Кальций карбонатының (СаС03) мөлшері түрғысынан әктілеу (30-50 %), әкті (50-70 %) және өте-мөте әкті (70 %-дан астам) шөгінділер болып үш түрге бөлінеді. Ә.Ш. көбінесе теңіздер мен мүхиттарда, сирегірек көлдерде түзіледі, олар өзінің құрылымы жағынан сан түрлі болуы мүмкін.
  • Карбонатты шөгінділер. Құрамының көпшілігі (кем дегенеде 30 %-дан астамы) карбонатты минералдардан (кальциттен, арогониттен, доломиттен т.б.) түратын іиөгінділер; биогендік, хемогендік және терригендік (түйірлі) шөгінділер түрінде ұшырасады. Бұл шөгінділердің басым көпшілігі әкті шөгінділер түрінде кездеседі, тек қана кейбір аңызақ белдемдерде орналасқан көл түптерінде (мысалы, Балқаш көлі) доломитті шөгінділер түрінде түзілуі ықтимал. Құрамының 10-30 %-ы ғана карбонаттардан тұратын шөгінділерді аз-мұз карбонаттанған шөгінділер деп атайды.
  • Жағалау шөгінділері. Теңіз жағалауларына жинақталуы нәтижесінде түзілетін шөгінділер; сан түрлі фациялық ерекшеліктерімен, түрлі-түрлі қат-қабатталу пішіндерімен және құрамының негізінен ірі түйірлі (кесекті) болуымен сипатталады.
  • Терригендік шөгінділер. Құрылық бетінің мұжылуы нәтижесінде бөлшектенген тау жынысы түйірлері мен кесектерінің түзілімдену алабына әр түрлі тасымалдау агенттері көмегімен (өзен ағындары, жел күші, ауырлық күші, мұздық қозғалысы т.с.с.) жеткізілуі нәтижесінде қалыптасатын шөгінділер; түйірөлшемдік мөлшері жағынан ірі кесекті түрлерінен тозаң шамалас үйық түйіршіктеріне шейінгі аралықтағы мөлшерлердің бәрі де ұшырасады.
  • Хемогендік шөгінділер (тұнбалар). Химиялық және биохимиялық реакциялар нәтижесінде қалыптаса отырып, аса қаныққан ерітінділер есебінен түнбаға түсуі нәтижесінде түзілетін иіөгінділер (тұнбалар).
  • Қайраң шөгінділері. Теңіз қайраңының біршама саязсулы аймақтарында, яғни көбінесе 150-200 м, сирегірек 500-600 м терендіктерде түзілетін теңіз шөгінділері.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}