Шөгінділер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Физикалық, химиялық және биологиялық процестер нәтижесінде түзілген, алайда келешек процестер әсерінен өзгере отырып, шын мәніндегі тау жынысытарға айналып үлгермеген, яғни қазіргі түзілім алабының беткі жазықтығын ғана көмкерген минералдық өнімдер. Шөгінділер түзілуінің негізгі аймағы су алаптарының түбі бола түрса да, олар жел мен мұз күші әсерінен, немесе морылу процестері нәтижесінде босаңсыған түйірлердің өзге де күштер әсерінен (мәселен, ауырлық күші) тасымалдануы нәтижесінде қүрлық беттерінде де қалыптаса алады. Көне түзілімдер қүрамына кіретін, көп өзгерістерге үшырай қоймаған кейбір шөгінділер (мәселен, құмдар, саздар, т.б.) тау жынысы деп есептелуі тиіс. тау жынысытарды (тіпті олардың бір-бірімен жымдасып үлгермеген яки тастақғанбаған үлгілерін де) "шөгінді" деп атауға болмайды. Қазіргі шөгінділер көпшілігінің көне баламалары бар, мұның өзі оларды сәйкестіре зерттеуге, сөйтіп өткен кезеңдер мен дәуірлердің фациялық ерекшеліктерін нақтылауға мүмкіндік береді.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}