Шәріп Омарұлы Омаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Шәріп Омарұлы Омаров (10 қыркүйек 1948 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамды - 29 тамыз 2007 жылы Алматы) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, музыкант. Техника және саяси ғылымдарының канидаты. Досмұқасан ансамблінің негізін қалаушылардың бірі әрі музыканты.

Өмірбаяны

Білімі

  • 1965 - 1970 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.
  • 1970 - 1972 жылдары осы оқу орынның асперантурасын бітірген.
  • 1988 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген.
  • 1997 жылы Абай атындағы АМУ бітірген.

Еңбек жолы

  • 1970 - 1972 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің инженері, ассисенті, комсомол комитеті хатшысының орынбасары қызыметтерін атқарған.
  • 1972 – 77 жылы Алматы қаласы Совет ауданы комсомол комитетінің хатшысы, Алматы қаласы комсомол комитетінің хатшысы
  • 1977 – 85 жылы Алматы қаласы Совет ауданы партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы партия комитетінде бөлім меңгерушісі
  • 1985 – 1987 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шетелдік туризм КП ОК-інде бөлім меңгерушісі
  • 1987 - 1990 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты
  • 1988 – 1989 жылы Алматы қаласы партия комитетінің 2-хатшысы
  • 1989 – 90 жылы КОКП ОК-нің идеологиялық бөлімінде жауапты ұйымдастырушы
  • 1990 – 1991 жылдары Алматы облысы партия комитетінің хатшысы
  • 1991 – 1993 жылы ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары
  • 1993 – 94 жылы мемлекеттік «Қазақстан» телерадио компаниясы төрағасының орынбасары
  • 1994 – 95 жылы Алматы қаласы әкімінің орынбасары
  • 1996 – 99 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Комитеттің төрағасы болған.
  • ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Қоғамдық қызыметтері

  • ЕХҚҚ Парламентік ассамблиясының мүшесі;
  • ТМД Халықаралық Парламенттік Ассамблиясының ішкі саясат комиссиясының төрағасы болды.

Марапаттары

  • 1970 жылы КСРОның «Қажырлы еңбегі үшін» медалі;
  • 1974 жылы «Досмұқасан» ансамблінің құрамында жүргенде Бүкілодақтық Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты;
  • 1982 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасының иегері;
  • Қазақстан Республикасының футболдан еңбек сіңірген жаттықтырушысы (құрметті атағы);
  • 1998 жылы «Астана» медалі;
  • 2001 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат «Парасат ордені» берілді.
  • 2001 жылы ТМДның Халықаралық парламент ассамблиясының «Достастық» Ордені берілді;
  • 2005жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі;
  • АҚШтың Небраск штаты және Линкольн қаласының Құрметті азаматы;
  • Техника ғылымының канидаты (ғылыми атағы);
  • Саяси ғылымдарының канидаты (ғылыми атағы).

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}