Шұбарқұдық мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шұбарқұдық мұнай кен орныАқтөбе облысы Темір ауданы Ақтөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 179 км жерде, Шилі өзенінің жағасында орналасқан. Кен орны 1931 жылы ашылып, барлау-пайдалану жұмыстары 1937-1949 жылдары қатар жүргізілді.

Геологиялық құрылымы

Алғашқы мұнай 1931 жылы ядросы 325 м тереңде жатқан тұз күмбезінің солтүстік және оңтүстік қанаттарындағы пермь-триас шөгінділерінен алынған. Негізгі мұнай иірімдері төмендігі пермьнің кунгур ярусының тұз қат-қабаты бетіндегі жоғары пермь шөгінділерінде орналасқан шоғырда (жалпы қалыңдығы 120 м). Мұндағы шамалы цементтелген сазды-құмды мұнайлы қабаттың жалпы қалыңдығы 50-75 м.

Жатыс сипаты

Линза пішіндес мұнайлы қабаттар солтүстік қанатта 305-425 м, оңтүстік қанатында 350-400 м тереңдікте. Өткізгіштігі баяу, мұнайлы қабаттардың кеуектілігі 0,12- 0,20%. Тұз бетіндегі қалың жоғарғы пермьдік тау жыныстары екі лықсу арқылы батыс, солтүстік, оңтүстік қанаттарға бөлінген.

Тығыздығы, құрамы

Мұнайы метанды-нафтенді, тығыздығы 8,34-9,25 г/см3, 200°С-та бөлінетін жеңіл фракциялар мөлшері 6,5 – 16%; 64% шайыры, 0,55% күкірт, 1,5% парафин бар. Мұнай шығымы 6,6 m3 тәулік. Шағын кен орнына жатады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер