Шығыс қисықгүлі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Шығыс қисықгүлі (Үлгі:Lang-la) – айлауыктар тұқымдасы, қисықгүл туысына жататын өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 20-45 см болатын бір жылдық өсімдік.
  • Сабағы тік, түбінен бастап бұтақталған, сыртын қатты әрі орнықты түк басқан.
  • Жапырақтары жұмыртқа немесе ұзынша қандауыр тәрізді, ұзындығы 3-7 см, ені 4-15 мм, жиегі сәл ойықталған немесе тегіс, төменгі жапырақтары қысқа сағақты, сабақ жапырақтары сағақсыз.
  • Гүлдері ұзын гүлшоғына топтасқан, гүлжапырағы болмайды. Тостағаншасының ұзындығы 5-10 мм, түбінен бастап ұзынша қандауыр тәрізді 5 буынға бөлінген, жеміс салған кезінде ұлғаяды. Көгілдір түсті күлтесінің ұзындығы 6-8 мм, түтігі ортасынан төмен иілген. Қысқа жіпшелері және ұзын сопақша тозаңдығы бар аталығы күлте түтігіне жасырынған. Аналық мойыны қысқа, аналық аузы бар.
  • Жемісі - түсі күңгірттеу сұр жаңғақ. Ұзындығы 3 мм-дей болатын сүйір жаңғағы жұмыртқа тәрізді, жиегі қатпарланғагн, сырты кедір-бұдырлы. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Қазақстанда Маңғыстау түбегінде, Мойынқұм құмды алқабында (Оңтүстік Қазақстан аймағы), Балқаш өңірінде, Іле, Қырғыз, Күнгей, Талас және Теріскей Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында кездеседі. Егістікте, бау-бақшада, жол жиегінде, далалы жерлерде, жайылымдарда, тау етегінде, арықтар мен тау өзендерінің жағасында өседі.
Құрғақшылыққа төзімді, арамшөп ретінде егістікке зиян келтіреді. <ref> Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер