Мұзтау шыңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

Мұзтау, Белуха - Қатын таулар тізбегінде орналасқан. Мұзтау - Алтай тауларының ең биік шыңы. Сонымен қатар бұл тау - «Алтайдың алтын таулары» бүкіл әлемдік мұрасының бір бөлігі.

Жер бедері

Мұзтау Ресей мен Қазақстан шекарасы бойымен көтерілетін екі шыңнан тұрады. Сондай-ақ аталған қос шың Қытай мен Моңғолия шекарасында бетпе-бет орналасқан. Екі шыңның шығыс жағындағысы батыстағы шыңнан биіктеу. Бұл тауларда бірнеше шағын мұздықтар кездеседі. Мұздықтар таудың беткі бөлігінің 27 шақырым аумағын алып жатыр. Берел олардың арасындағы ең ірі мұздық болып табылады. Биіктігі -1950 м. Алтайдың алғашқы карталарында Оңтүстік-Шу Альпісі және Катун Альпісі деген жазбалар кездеседі. Бұлар осы өңірдің көне атаулары болып табылады. Қос шың беткейлерін мәңгі қар мен мұз басып жатады

Өзендері мен мұздықтары

Көптеген өзендер осы таудан бастау алады. Өзен ағысы екіге бөлініп бірі - Катунь өзені (Алтай Республикасы), екіншісі - Ертіс өзені (Шығыс Қазақстан облысы) болып жалғасады. ЮНЕСКО Алтай таулары аймағын әлемдегі табиғаты өте таза аймақтар тізіміне енгізген. Бұл аймақта екі ірі мұздық бар: бірі - Үлкен Берел, аумағы 10,3 шақырымды құрайды, екіншісі - Кіші Берел, аумағы - 8,9 шақырым. Белуха тауына 1914 жылы алғаш рет Б.В.Тронов пен М.В.Тронов көтерілген.<ref>Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.</ref>

Галерея

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер