Шоқысу артезиан алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шоқысу артезиан алабыАрал теңізінің солтүстігінде құмтасты қабатта қалыптасқан жер асты суы бар құрылым. Ол теңіз жағалауынан солтүстік бағытта Кіші Борсық құмының шығыс жағында орналасқан Шоқысу темір жол стансасы арқылы 100 км-ге созылған. Ені 25 – 30 км. Алаптың батысы кең тектоникалық жарылыммен шектеліп, ал шығысы Арал антиклиналдық белдеміне тіреледі. Шоқысу артезиан алабында Кіші Борсық құмына сіңген атмосфералық жауын-шашын суымен қоректенетін бірнеше арынды су қабаттары бар. Мұндағы тұщы, аздаған ашқылтым (оңтүстік бағытта) сулы қабат жоғарғы палеоген (эоцен-олигоцен) шөгінділерінде пайда болған. Қабаттың жалпы қалыңдығы 40 – 70 м, тереңдігі 100 – 230 м. Қабаттағы су арынды, ұңғымадан алынған су жер бетінен 2 – 6 м биіктікке көтеріледі.

Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шоқысу артезиан алабы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}