Артезиан алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Артезиан алабы – бір немесе бірнеше арынды су қабаттары бар аумақты, біртұтас геология лық құрылым. Сулы қабаттар көбінесе көлбеу орналасқан синклиналь пішінде болады және олар өзара су өткізбейтін қабаттар арқылы бөлінген. Артезиан алабы бір-біріне жалғас үш бөліктен (су жиналу, арын және арылу аймақтарынан) құралады. Ең биік орналасқан су жиналу аймағы таулы, қыратты аудандарды алып жатады да, сулы қабаттары жер бетіне біршама таяу келеді. Бұл жауын-шашын, өзен-көл суларының жерге сіңіп, Артезиан алабының су қорын толтыруға қолайлы жағдай туғызады. Арын аймағында сулы қабаттар тереңдеген сайын қысым арта түседі. Мұндай жерден артезиан суы бұрғыланған ұңғыма арқылы жер бетіне атқылап шығады. Арылу аймағында арынды су қайнар бұлақ түрінде жер бетіне шығады. Артезиан алабы тектоник., стратиграф. және литол. ерекшеліктері бойынша платформалардың Артезиан алабы және қатпарлы өңірлердің Артезиан алабы болып жіктеледі. Ірі Артезиан алабы өзін құрайтын екінші ретті субартезиандық алаптарға бөлінеді. Платформалардың Артезиан алабы кең аумақтағы ірі тектоник. ойыстарда орналасады. Дүние жүзіндегі ең үлкен Батыс Сібір Артезиан алабының аумағы 3,0 млн. км². Оның бір шеті Қазақстанның аумағына енеді. Республиканың батысындағы Каспий маңы, оңтүстігіндегі Қызылқұм Артезиан алабы да платформалық түрге жатады. Қатпарлы өңірлердің Артезиан алабы тау бөктерлері мен тауаралық ойыстарға орналасады. Олардың аудандары алдыңғылармен салыстырғанда бір дәреже төмендеу (бірнеше мыңнан жүздеген мың км²-ге дейін) келеді (мыс., Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының таулы жоталарының арасында Текес, Кеген – Қарқара, Жалаңаш, Сөгеті, Басшы – Қоңырөлең, т.б. шағын Артезиан алабы бар).Артезиан алабының суы хим. құрамы және температурасы бойынша әр алуан болып келеді. Ол қалалар мен а. ш-ның мұқтаждықтары үшін кеңінен пайдаланылады.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>

Қосымша

АРТЕЗИАН АЛАБЫ - су өтпейтін қабаттармен бөлінген суіріккіш қабаттардан немесе кешендер жүйесінен тұратын арынды жер асты суларының шоғырланған аумағы. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Артезиан алабы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}