Шон Паркер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Шон Паркер (14 қаңтар 1982 ж.) - интернет-кәсіпкер, Plaxo, Facebook<ref name="WSJ_041609">Үлгі:Cite news</ref>, Napster-дің негізін қалаушылардың бірі ретінде әлемге танымал. Өзінің 2.1 млрд. доллар капиталы арқасында, 2012 жылдың наурыз айында Forbes журналында 215-орын алды.

Өмірі

Шонға әкесі 7 жасында программалауды үйретті. 16 жасында оны хакинг үшін соттады. 1999 жылы Шон алғаш рет өзінің Napster деген сайтының арқасында әлемге танылды. Napster дегеніміз өлең алмасуға арналған сервис. Бұл сервис бүкіл музыкалық индустрияны төңкерді. 24 жасында ол Пало-Альтода Марк Цукербергпен кездеседі және Facebook-тың ең алғашқы президенті болады. 2005 жылы Шон кокаинді сақтаған деп айыпталып Facebook-тағы жұмысынан айырылады.

Алған білімі

Шон Октондағы орта мектепте білім алған. Мектептегі соңғы жылдарды Шон жылына 80 000 доллардан астам пайда таба бастайды, кейін ол колледжді тастап кәсіпкерлікпен айналыса бастайды.

Facebook-тағы жұмысы

Марк Цукербергпен кездесуден кейін Facebook қарқынды жұмыс істей бастайды. Шон компанияның президенті болып инвесторлар жинай бастайды: Ритер Тиль ең алғашқы инвестор болып саналады. Шонға кокаинді сақтағаны үшін деген айып жабылған соң, ол компаниядан кетеді.

Фильмде

Шон Паркерді "Әлеуметтік желі" фильмінде Джастин Тимберлейк ойнаған.

Дереккөздер

<references/>