Шип

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Тұқытәрізділер отрядыCypriniformes. Тұқытектестер тұқымдасыCyprinidae.

Шип немесе Арал бекіресіАрал, Азов және Қара теңіздерінен, Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінен және оған құятын өзендердің сағаларынан ауланады. Балқаш көліне жіберіліп, жерсіндірілген. Оның еті дәмділігі мен тағамдық қасиеті жағынан бекіренің етінен сәл төмендеу.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1</ref>

Арал бекіресі<ref>«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006;</ref>, пілмай (Acіpenser nudіventrіs) – бекіретәрізділер отрядының бекірелер тұқымдасына жататын балық.

  • Каспий және Арал теңіздерінде кездеседі; Балқашта жерсіндірілген.
  • Дене тұрқы 210 см, салмағы 60 кг-дай.
  • Аталығы 9 – 13, аналығы 13 – 16 жаста жыныстық жағынан жетіледі.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
  • Уылдырығын шашу үшін сәуір – қараша айларында өзендерге өрлейді.
  • Өзендерде қыстап шығып, наурыз – мамыр айларында су температурасы 10°С-тан асқанда уылдырығын (1 млн-ға дейін) ағысы қатты қайраңдарда, тасты, қиыршақ топырақты жерлеріне шашады. Тіршілік ортасына сәйкес Арал бекіресінің қорек құрамы өзгеріп отырады.
  • Арал бекіренің еті өте дәмді, уылдырығы бағалы келеді, кәсіптік түр, сондықтан кезінде өте көп ауланған.
  • Арал бекіре қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).

<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>

Статусы

I-ші санат. Популяциялар жойылып кету қаупінде тұр. Оны «Пілмай» деп атау дұрыс емес, ол оның түрікменше аты.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы.

Республикамыздағы түрдің үш популяциясының екеуі. Үшіншісі Жайық-Каспий бассейнінде тіршілік етеді.

Таралуы

Бұрын Арал теңізі мен оған құятын өзендердің барлығында кездесетін еді. Сырдария өзенінде оның сағасынан 2600 км жоғары көтеріліп, Чиназ қаласына дейін мекендейтін. Қазірде өзеннің қазақстандық бөлігінде кездеспейді. Бекіренің арал поппуляциясы 1933-1934 жж. Балқаш көліне жерсіндерілген. Бүгінде осы көлде, Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында таралған, аздап Қаратал өзенінде кездеседі. Іле өзені суын реттегенге дейін бекіре мемлекеттік шекараға дейін көтерілетін<ref name="Берг, 1949">Берг, 1949</ref><ref>Казанчеев, 1981</ref>.

Мекендейтін жерлері

Семіру кезінде Арал теңізіне (бұрын), Балқаш көліне, Қапшағай суқоймасына шығады. Қоныс аудару, шабақтарының өрлеуі және қыстауы өзендерде өтеді.

Саны

30-шы жылдары бекіренің арал популяциясынан жылына 620 т балық ауланып тұрды. Кейінірек (1963-1968 жж.) аулау 6-9 тоннаға дейін қысқарды. Бекіренің қоры 1936-1937 жылдары болған эпизоотия салдарынан көп қырылуынан тым азайып кетті<ref>Дукравец, 1987</ref>. Сондай-ақ Сырдария суын шаруашылық мақсат үшін реттеу әсер етті. Іле популяциясының саны оны кәсіптік жолмен аулауға жеткен жоқ. 1955-1982 жж. мұнда жылына 6-32 т көлемінде ауланғаны белгілі болды.

Негізгі шектеуші факторлар

Іле және Сырдария өзендерінің суларын реттеу. Арал теңізінің суалуы және тұздануы.

Биологиялық ерекшеліктері

Көшпелі балық. Жыныстық жағынан 12-14 жасында жетіледі. 2-3 жылда бір рет уылдырық шашады. Сырдария суын реттегенге дейін Арал популяциясы Чиназ қаласы маңында, ал Іле популяциясы – Қапшағай сайында, Дубуниде, кейде Қытайда кездесетін. Сырдарияға ересек балықтардың қоныс аударуы жаздың екінші жартысында басталатын, ал Іледе – сәуірдің ортасынан – қарашаға дейін өтетін. Сол кезде жыныстық жағынан толық өзендерде жетіледі. Бекіре шұңқырларда қыстап шығады. Арал популяциясы уылдырықтарын наурыз айының аяғында – маусымда су температурасы 10-150°С болғанда тасты немесе қиыршақ топырақты жерлерге шашады. Іле популяциясы уылдырықтарын су температурасы 10-120°С болғанда шашады. Арал бассейнінде бекіренің өсімталдығы – 200-1290 мың уылдырық, ал Балқашта зерттелген жоқ. 5 күнде уылдырықтардан майда шабақтар шығады. Уылдырықтардың диаметрі 1.5-3 мм. Уылдырық шашып болған соң олардың кейбіреулері Сырдариядан теңізге жететін, ал Іле өзенінен Қапшағай су қоймасына және Балқаш көліне сапар шегетін. Шабақтарының бір бөлігі өзендерде жылдан аса қалып қояды. Сырдарияда шабақтарының мөлшері – 3.3-25 см, ал Іле өзенінде – 9.2-14.3 см. Бекіренің арал популяциясы теңізде тіршілік еткенде моллюскалармен, балықтарымен қоректенеді. Іле популяциясы да көлде және суқоймасында семіру кезінде сондай азықтармен тамақтанады. Бекіренің өсу қарқыны Арал теңізінде, Балқаш көлдегіге қарағанда, нашар: соған сәйкес 7 жасында – 4-5 және 7-9 кг, ал 17 жасында – 14-16 және 18-20 кг. Ең ірілерінің мөлшері Арал бассейнінде: ұзындығы 2 м-ден аса, салмағы – 50-60 кг, жасы – 30-да; Балқаш бассейнінде соған сәйкес – 1.7 м, 35 кг және 25 жас<ref name="Берг, 1949"/><ref>Коблицкая, 1981</ref>.

Қолда өсіру

Қолға алынған жоқ. Мүмкін, қолда өсіру әдісі барлық бекіреге тән болуы керек.

Қабылданған қорғау шаралары

Аулауға тиым салынған. Қазақстанның<ref>Қазақстанның қызыл кітабы, 1996</ref>, Түркменияның<ref>Түркменистанның қызыл кітабы, 1999</ref> және Өзбекстанның<ref>Өзбекстан Республикасының қызыл кітабы, 2003.</ref> Қызыл кітаптарына енгізілген.

Қажетті қорғау шаралары

Генофондысын сақтау үшін криобанкасын даярлау, қолда өсіру жұмыстарын ұйымдастыру, балықтарды қорғайтын құрылыстарды жетілдіру қажет.

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар

Елімізден тыс жерлердегі таралуы мен санын анықтау, қолда өсіру, генофондысын сақтау жолдарын зерттеу керек.

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шип|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}