Жайық-Каспий теңіз каналы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жайық-Каспий теңіз каналы, Жайықтың атыраулық бөлігіндегі су жолы. Атырау облысы жерінде. Жалпы ұзындығы 56 км, оның 20 км-дейі Каспий теңізінің солтүстік таяз бөлігімен өтеді. Орташа тереңдігі 4,4 м, ені 90 м. Атырау қаласына теңіз кемесінің еркін қатынауына мүмкіндік береді. Жағасында Тасқала, Жаңаталап, Атырау, Дамба елді мекендері орналасқан.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>