Шилікемер
Шилікемер - Іле ауданындағы ауыл, Қарасай ауылдық әкімшілік округінің құрамында. Аудан орталығы — Өтеген батыр кен-тінен солтүстік-батысқа карай 16 км, округ орталығы — Қарасай ауылынан 6 км жерде, Үлкен Алматы өзенінің бойында, бозжусан, ши, көкпек, баялыш өскен бозғылт қоңыр топырақты құрғақ далада орналасқан. Тұрғыны 1,3 мың адам (2002). 1951-97 жылдары "Іле" кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдш.-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобилдік жолы арқылы қатынасады.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Дереккөздер
<references/>