Шенген аймағы
Шенген аймағы, 1985 жылы Шенген қаласында (Люксембург) келісім жасалды .Осы келісім бойынша Еуропаның 26 мемлекеті аттас келісімге қол қойып, коалицияға бірікті. Халықаралық саяхат кезінде Шенген аймағы біртұтас мемлекет тәрізді сын танытады. Шекаралық тексеріс аймаққа кірген және шыққан кезде ғана, аймаққа кіретін мемлекетедің бірегей сыртқы шегінде жүргізіледі, ал аймақ ішінде шекаралық бақылау толығымен алынып тасталған. Бастапқы кезде Шенген аймағының нормативтік-құқықтық базасы Еуропалық одақтан бөлек болды.1999 жылы Амстердам келісімі күшіне кіргесін, біртұтас заң шығарушылық бірлестікке жүйеленді. Ресми түрде Шенген аймағына Еуропалық одаққа кірмейтін төрт мемлекет кіреді олар: Исландия, Норвегия, Швейцария және Лихтенштейн, одан басқа де-факто – Монако, Сан-Марино және Ватикан сияқты Евроодаққа кірмейтін микро мемлекеттерде бар. Одан басқа тағы бір мемлекетте Андоррада Шенген аймағының мемлекеттерімен ішкі шекаралық бақылау жоқ Еуропалық одақтың барлық мемлекеттері Ұлыбритания мен Ирландиядан басқа Шенген аймағына кіруге міндеттеме алды. Одан басқа Румыниия, Болгария және Кипр мемлекеттерінен басқалары айтқандарында тұрды.Казіргі кезде аймақтың аумағы 4 312 099 шаршы километр құрайды, онда 400 млн.адам тұрады.
Шенген ережелері
Шенген ережелеріне сәйкес аймаққа кіретін мемлекеттердің ішкі шегінде шекаралық бақылауды жою қарастырылады,сонымен қатар аймақпен шекаралас басқа елдермен сыртқы шегінде бақылау күшейтіледі.Сол сияқты,елдер, уақытша қатынасқан адамдарға(біріккен Шенген визасы қоса есептеледі),сыртқы шекте біртұтас саясат жүргізуге міндеттеме алады. Аймақтың сыртқы шегінде өзара келісілген бақылау жүргізілсе, шекарааралық полицилық сот ынтымақтандастырылады. Әуежайларда, қонақ үйлерде жеке бас төлқұжатын тексеру үшін паспорт немесе Еуроодаққа мүше болатын мемлекет азаматында болатын жеке идентификациялық карта талап етіледі. Кейбір кездерде, ішкі шекараларға қауіп төнуі мүмкін болған жағдайда, (мысалы маңызды саяси саммиттер немесе спорттық жарыстар кезінде) кейбір Шенген аймағына кіретін мемлекеттер шекараларында күзетілу күшейтіледі. Бірақ күшейтілу мерзімі 30 күннен артық болмауы керек.
Тарихы
Шенген аймағы 1995 жылы 26 наурыз күні пайда болды, сол күні келесі жеті мемлекет арасында: Бельгия, Франция,Германия, Люксембург, Нидерланд, Португалия и Испания мемлекет аралық шекара алынып тасталды.1997 жылы оларға Италия мен Австрия қосылды. 1999 жылы Амстердам келісімі бойынша, келісім acquis communautaire-нің бір бөлімі ретінде қабылданды, (казіргі кезде жаңадан қабылданған мемлекеттер құптайтын ЕО құқықтық нормаларының бірлестігі ). 2000 жылы аймаққа Грекия қосылды,ал 2001 жылы Шенген аймағына Скандинавия паспорт одағына кіретін (Дания, Финляндия, Швеция) мемлекеттері қосылды, сол сияқты Евроодаққа кірмейтін — Исландия мен Норвегия одақтастығы қосылды . 2007 жылы аймаққа тағы да 9 ел кірді — Чехия, Эстония, Венгрия, Латвия, Литва, Мальта, Польша, [[Словакия мен Словения (олардың бәрі үш жыл бұрын ЕО мүше болған еді). Швейцария Шенген аймағына 2008 жылдың 12 желтоқсан күні қосылды, 2011 жылдың 19 желтоқсанында Лихтенштейн кірді, олар аймақтағы ЕО кірмейтін сәйкестігіне сай үшінші және төртінші мемлекет болып есептеледі.
Mүшелік
Осы кезде Шенген аймғын 26 мемлекттен тұрады,оның төртеуінен баcқасы Еуроодаққа мүше елдер. ЕО мүше емес екі ел, — Исландия мен Норвегия — Скандинавия паспорт одағын құрайды ресми түрде ЕО Шенген әрекетімен байланысқан елдер деп саналады.Тағы екі ел: Швейцария мен Лихтенштейн Шенген аймағына сол шарттармен кірген. Де-факто Шенген аймағына бірнеше микро мемлекеттер қосылады,олар Шенген келісімі елдерімен, шекарасын ашық не жартылай ашық ұстайды. Шенген ережелерін толық қабылдайтын ел Еуроодақтың эксперттерінің төрт түрліәзірлік бағалауын алуы тиіс.Олар - әуе кеңістігі шекарасының, визалар,полициялық ынтымақтастықтың,дербес мәліметтерді қорғау әзірлігінің дайындығы.
Болашақта кіретін елдер
2011 жылдың 22 қыркүйегінде Брюсселде өткен Еуроодақ ішкі істер министрлігінің құрылтайында Болгария мен Румынияға Шенген аймағына қосылуға тыйым салынды. Оған себеп – Нидерланд мен Финляндияны Бухарест пен Софияда жүргізілетін жемқорлыққа қарсы істер қанағаттандырмай, сол жерлерді жемқорлықты-қауіпті санауы. 2011 жылдың 9 желтоқсанында Еуроодақ басшылары, Брюссельде екікүндік саммитті бітірер кезде Шенген аймағына Румыния мен Белоруссияның кіруі туралы мәселені 2012 жылдың наурызында шешіледі деп жоспарлады. 2012 жылдың 2 наурызында Еуроодақтың 27 мемлекет басшылары Брюссель саммитінде Румыния мен Белорауссияның енгізілу мәселесін Нидерланд сұрауы бойынша кем дегенде 2013 жылға қалдырылды.
Пайдалынған әдебиеттір
http://ria.ru/infografika/20110513/374047549.html
http://www.ria.ru/world/20120302/583676942.html
http://www.novinite.com/view_news.php?id=143320
http://www.eu2008.si/en/News_and_Documents/Press_Releases/March/0325MNZschengen.html