Мальта

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекет Мальта (Үлгі:Lang-mt, Үлгі:Lang-en), ресми атауы — Мальта Республикасы (Үлгі:Lang-mt, Үлгі:Lang-en) — Жерорта теңізіндегі Мальта топаралында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 316 км². Халқы — 390 мың адам (2000). Негізінен мальталықтар (90%) тұрады. Астанасы — Валлетта қаласы. Ресми тілдері — мальта, ағылшын тілдері. Британ Достастығының құрамындағы ел. Конституциясы бойынша елді президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Ұлттық мерекесі — 21 қыркүйек — Тәуелсіздік күні (1964). Ақша бірлігі — мальта лирасы.

Географиясы

Мальта екі ірі (Мальта, Гоцо) және бірқатар шағын аралдардан тұрады. Климаты жерортатеңіздік. Жазы ыстық, құрғақ, қысы жұмсақ, жауын-шашынды, орташа температурасы қаңтарда 12°С, тамызда 25°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 530 мм. Жер беті суларына тапшылық байқалады. Жерортатеңіздік климатына тән ксерофитті бұталы өсімдіктер басым.

Тарихы


Мальта аумағын б.з.б. 13 ғасырда финикиялықтар мекендеген. Б.з.б. 8 — 7 ғасырларда Мальтаға карфагендіктер еніп, б.з.б. 6 ғасырда оны толық бағындырды. Б.з.б. 218 жылы аралды римдіктер басып алды. 395 — 870 жылы Мальта Византияның қол астында болды. 870 — 1091 жылы араб үстемдігі халықтың шаруашылық өміріне, мәдениеті мен тіліне үлкен әсер етті. 1092 жылы аралды нормандар жаулап алып, Сицилияға қосты. 1530 жылы Мальтада иоаншылдар ордені бекітіліп, кейіннен Мальта ордені деп аталды. 16 ғасырда түрік әскерлері оларға әлденеше рет шабуыл жасады. 1798 жылы Мальтаны Франция, 1800 жылы Ұлыбритания басып алып, әскери-теңіз базасын орналастырды. 1921 жылы ағылшындар арал тұрғындарына өзін-өзі басқару құқын берді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Мальтада ұлт-азаттық қозғалыс күшейді. 1947 жылы конституциясы қабылданды. 1958 жылы ағылшындарға қарсы бұқаралық қозғалыс өріс алып, аралда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін 1947 жылғы конституцияның күші жойылды. 1953 жылы мұнда НАТО-ның Оңтүстік Еуропа аймағындағы біріккен әскери-теңіз күштерінің штабы орналасты. 1962 жылы Ұлыбритания Мальтаға өзін-өзі басқару құқын қайта берді, ал 1964 жылы ол Британ Достастығының шеңберіндегі тәуелсіз ел деп жарияланды. Сол жылы Мальта БҰҰ-ға мүше болды. 1974 жылы Мальта республикасы болып жарияланды, бірақ британ әскері 1979 жыды ғана аралдан шығарылды. 1987 жылы ел конституциясына Мальтаның ешқандай әскери блоктарға қосылмайтындығы туралы бап енгізілді.

Экономикасы


Мальта экономикасының басты саласы транзиттік-транспорт операцияларын жүргізу және шетелдік туризм. Кеме жасау және жөндеу, тропикалық жемістер мен жүзім шаруашылығы жақсы дамыған. Елде тоқыма киім, аяқ киім тігу, машина жасау және химия саласы дамыған, электрондық аспаптар шығаратын кәсіпорындар бар. Ауыл шаруашылығы маңызды рөл атқармайды, азық-түлік тауарларының көбі шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Ұлыбритания, т.б.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>

Үлгі:Eуропа Үлгі:Latinunion Үлгі:WTO

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мальта|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}