Шевченко шығанағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шевченко шығанағы- Солтүстік Арал теңізінде (Кіші Аралда). Қызылорда облысы Арал ауданы аумағында. Шығанақтың оңтүстігінде Көкарал, солтүстігінде Шұбартарауыз түбектері жатыр. Дөңгелек пішінді шығанақтың ұзындығы мен ені де 30 км-дей, теңізге шығар жеріндегі ені 7 км. Ең терең жері 14 м. Жағалауын қойнаулар мен лагуналар тілімдеген. Батысы мен солтүстік жағалаулары жарлауытты, кемерленген жардың биіктігі 120 м-ден асады. Жағасы палеогеннің құмтасты, саздақты шөгінділерінен түзілген. Кезінде (1985 жылға дейін) батыс жағалауында бірнеше аралдар (Кендірлі, Бұйырғынды, т.б.) болған. Арал теңізі суының тартылуына байланысты олардың барлығы жағалаумен бірігіп кеткен.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 том</ref>

Солтүстік Арал теңізі:
1. Шевченко шығанағы
2. Бутаков шығанағы
3. Сарышығанақ

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер