Шұбартарауыз
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шұбартарауыз – Арал теңізінің солтүстігіндегі түбек. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 километрге созылған, енді жері 20 километрге жетеді; құрлықпен жалғасқан жері 3 км шамасында. Абсолют биіктігі 181 м. Батыс жағасын Жиделі, шығысын Бутаков шығанағы шайып жатыр. Беті жазық. Палеогеннің құмсаздақты жыныстарынан түзілген. Түбектің оңттүстік жағалауы жарқабақты, террасалы, солттүстігі көлбеу.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том