Шаһиншаһ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Mohammad Reza Pahlavi.png
Иранның соңғы шаһиншаһы — Мұхаммед Реза Пехлеви
Шаһиншаһ немесе шаһаншаһ (Үлгі:Lang-fa, «патшалардың патшасы» мағынасын береді) — ежелгі парсы (Ахемен әулеті мидиялықтардан алған), одан кейін ирандық патшалардың атағы.
Бұл атақ алғашқы рет Иранды билеп отырған Сасани әулетімен қабылданған, бірақ ол Ахемен әулетінің кезеңіндегі атақ «xšāyaθiya xšāyaθiyānām»-дан бастау алған. Сондықтан бірінші шаһиншаһ деп Ұлы Кирді атайды. Бұл атақ үзілістермен 2500 жыл бойы қолданыста болған. Соңғы шаһиншаһ Мұхаммед Реза Пехлеви 1979 жылы болған Иран ислам революциясының кезінде тақтан тайдырылды. Оның ұлы Реза Кир Пехлеви иран монархисттерімен заңды шаһиншаһ саналады.
Шаһиншаһқа ұқсас «Basileos Basileon» атағын Византиялық император Ираклий Сасанилерді жеңгеннен кейін алған.
Ахеменилерден кейін шаһиншаһ атағын алған әулеттер
Әулет | Мемлекет | Билік жылдары |
---|---|---|
Сасани әулеті | Эраншахр | 226—651 |
Бағратилер әулеті | 24px Ания патшалығы (Армения) | 921—1045 |
Буилер әулеті | Ирак пен Иран | 978—1055 |
Селжұқ әулеті | Ирак пен Иран | 1037—1152 |
Сефеви әулеті | 24px Иран | 1501—1794 |
Хотаки әулеті | Иран | 1722—1729 |
Афшари әулеті | 24px Иран | 1736—1795 |
Зендтер | 24px Иран | 1782—1794 |
24px Қажарлар әулеті | 24px Ұлық Иран мемлекеті | 1796—1925<ref>1943 жылға дейін таласты</ref> |
24px Пехлеви әулеті | 24px Иран Шаһаншаһ мемлекеті | 1925—1979 |
Дереккөздер
<references/>