Мидия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мидия – тарихи аймақ. Б.з.б. 7 – 4 ғасырларда Әзірбайжанның оңтүстігі мен Иранның солтүстік-батыс бөлігінде өмір сүрген қуатты патшалық. Мидия жөніндегі алғашқы деректер б.з.б. 9 ғ-дың 2-жартысында жазылған ассириялық жылнамаларда кездеседі. Б.з.б. 9 – 8 ғ-ларда Мидия жерін мекендеген тайпалар асссириялықтарға қарсы табанды күрес жүргізді. Ассирия қолжазбалары бойынша Мидия патшалығы б.з.б. 7 ғ-дың 70- жылдарында пайда болған. Астанасы – Экбатана қаласы (қазіргі Хамадан маңында) болды. Киаксар патшаның (шамамен б.з.б. 625 – 584) тұсында Көне Шығыстағы ұлы державалардың біріне айналды. Ол әскери реформа жүргізіп, сақтармен бейбіт келісім жасады. Вавилонмен күш біріктіріп, б.з.б. 607 – 605 ж. Ассирияны талқандады, кейін Урарту мен Каппадокияны басып алды. Киаксардың баласы әрі мұрагері Астиаг тұсында Мидияны парсы патшасы Кир жаулап алып (б.з.б. 553 – 550/49), ахемен әулеті билеген парсы патшалығының құрамына қосты. Мидия өз алдына жеке мемлекет болып, б.з.б. 4 ғасырдың соңында (бұрынғы патшалықтың бір бөлігі – Әзірбайжанның оңт-нде) қайта құрылды. Оны тарихшылар Кіші Мидия, Мидиялық Үлгі:Атропатена деп те атады. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Мидияда бейнелеу өнері жақсы дамыған. Мысалы, Сузыдағы парсы патшасы Дарий I-нің сарайын мидиялық сәулетшілер безендірген.<ref name="Source 1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мидия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}