Шаһар газеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шаһар – 2007 жылдан бастап шығатын Павлодар қаласындағы апталық газет. Редакторы белгілі жазушы, журналист Ғалымбек Жұматов <ref>СМИ о нас. Бас редакторлар бас қосты, 2010.</ref><ref>СМИ города Павлодара, 2010.</ref>. Таралымы 5000 дана шамасында. А3 форматында шығады.

Газет құрылған кезден қазақ халқының тарихын, түркі халықтарының мәдени құндылықтарын насихаттауды өзінің басты тақырыптарының бірі ретінде таңдады. Басылым беттерінде түркі халықтары хақында ақпараттар беріліп, олардың тарихы туралы қызықты әрі тың мәліметтер жарияланады.

«Шаһар» газеті Павлодар өңіріндегі қазақ тіліндегі тұңғыш жеке меншік басылымдардың бірі. Сонымен қатар, газет өзіндік сыртқы пішіні - ерекше дизайнімен танылған бірегей басылым.

Басылым беттерінен өзге де тақырыптардағы ақпарат пен жаңалықтарды көруге болады. Мәселен, «Шаһар» газетінде спорт, оның ішінде, аяқдоп тақырыбы кеңінен қозғалады. Мұнда да редакция қазақ футболының алдындағы проблемалар, ұлттық футбол лигасы, қазақ футболшыларын кеңінен насихаттауға көп көңіл бөледі. Сонымен бірге, газет Павлодардың футбол клубы - «Ертіс» туралы үнемі қалам тербейді. Команданың тыныс-тіршілігі, өткізген ойындарынан репортаж ұйымдастырып, біріншіліктегі кездесулердің шолуларын шығарып тұрады. Клуб футболшылары, бапкерлері мен жанкүйерлерімен сұхбаттар газет беттерінде жиі орын табады. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өз ойындарын өткізудің алдында арнайы зерттеулер жүргізу - басылымның игі дәстүрі. Құрама өз ойындарын ойнаудың алдында бұл тақырыпқа кеңінен тоқталып, оның қарсыластары туралы біршама мәлімет келтіріледі.

Одан бөлек, басылым руханият тақырыбына да жиі тоқталады.

Дереккөздер

<references/>