Интервью

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Интервью— көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі. Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді. Олардың өзі іштей жіктеледі.

  • Хабарламалы интервью түріне — тілші мен әңгімелесуші екеуінің сұрақ-жауап түріндегі диалог интервью тілшінің бір ғана сұрау беріп, оған әңгімелесушінің ұзақтау жауабы монолог интервью, әңгімелесуші айтқанының мазмұны ғана түйіліп берілетін мазмұндама интервью жатады. Бұларда түсіндіру талдау болмайды, сұхбаттың есебі ретінде ғана танылады.
  • Түсіндірмелі интервью түрлеріне — интервью суреттеме, баспасөз маслихаттық дөңгелек үстел басыңдағы әңгіме, брифинг, анкета жатады. Бұларда дерек, оқиға, құбылыс хабарланып қана қоймайды, олардың қыр-сыры кеңірек түсіндіріліп, күрделі жайттарға түсіндірме беріледі.

Брифинг сұхбат берушілердің ұсынымен, жұртқа қажетті нәрсені түсіндіріп қою ниетімен өткізіледі. Баспасөз мәслихатында көптеген бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері қатысуымен бір сала немесе әлденеше маманмен қатар сұхбат жүргізіледі. Журналистер кезекпен сұрау қойып, сұхбаттаушыпар оған жауап береді. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде нақты бір проблемамен айналысатын мамандар шақырылып, оларға қатар сұрақтар қойылады да, жауаптары тыңдалады.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}