Шақпақ ата асуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шақпақ ата асуы - шағын жота. Шығыстан шыққан Ұлы Жібек жолының керуені осы Шақпақ асу арқылы асып Тамтатджға (Түлкібасы) бет алған. Ғалым Е.Фенко 1964 жылы Түрксіб темір жол желісінің бойымен 1300 шақырымдық Арыс бекеті - Алматы - Семей аралығында 1933-1955 жылдары жүргізген жоғары дәлдікті геодезиялық өлшеулер нәтижесінде жердің ең жылдам көтерілуі осы Үлкен Қаратау жотасының Құлантау арқылы өтетін Шақпақ асуында екенін анықтады. Оның орташа мәні жылына 10-12,5 мм болатынын есептеп шығарған. Шақпақ асуының ауа-райы үнемі өзгеріп отырады. Көктем мен күз айларында шығыстан батысқа қарай бірнеше тәулік бойы секундына 35-40 м жылдамдықпен жел соғып тұрады. Мұны осы аймақтағы жұрт "Шақпақтың желі" деп атайды. Бұл кезде жыл құстары төмендеп ұшатындығын байқаған орнитолог ғалымдар құстарға сақина салу орталығын осы асуға құрды. <ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

<references/>