Таңатқан Барақұлы Рсаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Таңатқан Барақұлы Рсаев (29.12.1936 ж. туған, Қостанай облысының Амангелді ауданының Ағаштыкөл ауылы) — журналист-жазушы, аудармашы, энциклопедияшы-ғалым, КСРО Баспасөзінің үздігі (1989), ҚР Баспасөз және полиграфия ісінің еңбек сіңірген қайраткері (2004). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1959). Еңбек жолын 1959 ж. республикалық “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде бастаған. 1967 — 70 ж. Қазақ радиосында қазақ тіліндегі бағдарламалардың бас редакторы болды. Бұдан кейінгі жылдары бірқатар Республикалық баспасөз орындарында жауапты қызметтер атқарды. 1972 ж. Торғай облысының А.Иманов пен Ә.Жангелдин музейінің алғашқы ұйымдастырушы-директоры болып, іргесін қалады. 1973 жылдан “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясында оның негізін қалаушылардың бірі ретінде ғылыми жағынан қалыптасуына көп еңбек сіңірді, аға ғылыми редактор, редакция меңгерушісі, орталық бастығы, 1-вице-президент қызметтерін атқарды. Рсаев “Қазақ энциклопедиясынан” жарық көрген барлық басылымдарға қатысып, автор болды. Рсаевтың тікелей басшылығымен әзірленіп, баспадан шыққан “Абай энциклопедиясы" 1996 ж. Қазақстан мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Бұл басылымға Рсаев 300-ден астам ғылыми мақала жазды. Көп томдық “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясының тұжырымдамасы мен сөзтізбесін әзірлеуге және баспадан шығаруға белсене араласты. Тұңғыш “Қазақстанэнциклопедиясының сөздігін әзірлеуге тікелей жетекшілік етті. Журналист Рсаевтың көркем очерктері мен тарихи-әдеби зерттеулері “Самал” (1977), “Дала дауылпаздары” (2004) жинақтарына топтастырылған, “Жұлдызды жол” (1983), “Үндескен өмір” (1986) деректі повестері жарық көрген. Ол, әсіресе Иман батыр, А.Иманов, Ә.Жангелдин, К.Көкембаев өмірлеріне және 1916 жылғы Торғай көтерілісіне байланысты деректерді анықтауға көп еңбек сіңірді. Рсаев аударма ісіне де белсене араласып, Н.А. Кунның “Ежелгі грек аңыздары мен мифтерін”, С.А. Алексеевтің “Отанымыздың тарихы туралы әңгімелерін”, П.Вежиновтың “Тосқауыл” повесін, “Поляк новеллаларын”, “Өнердің ықшам тарихының” 3-томын, Н.Горбачевтің “Ақсу” романының 3-кітабын, т.б. шетел жазушыларының шығармаларын, 4-томдық “Көркемсуретті Қазақстан тарихын” аударды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Таңатқан Барақұлы Рсаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}