Шайзат Сапарғажықызы Бахтинова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шайзат Сапарғажықызы Бахтинова 1940 жылы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Комсомол ауылында туған. Қазақ. Абай атындағы Семей облыстық қазақ музыкалық-драма театры жанындағы театр студиясын (1960) драма актері мамандығы бойынша; М. Төлебаев атындағы Семей музыкалық училищесінің жеке ән орындау факультетін (1971) хор және ансамбль әртісі мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1958 жылдан бері - Абай атындағы Семей облыстық қазақ музыкалық-драма театрының (қазір - Абай атындағы Мемлекеттік облыстық қазақ музыкалық-драма театры) драма әртісі. 200-денастам рөлдеойнаған. Келесіспектакльдердеойнай- ды: Т. Ибрагимовтың «Жас Абай» (Зере), О. Боранбаевтың «Сотанайдың соңғы үйленуі» (Шеше), С. Тұрғынбекұлының «Абай - Біржан» (Айғыз), Б. Әлімжановтың «Қайран кемпір шалдар-ай» (Aпa), С. Кенжеахметұлының «Жарысқазан» (Дариға), О. Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» (Нұрке), Р Отарбайдың «Ғасыр қасіреті» (Ана), С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» (Формон), М. Әуезовтың «Қаракөз» (Мөржан), У. Гаджибековтың «Аршын - Мал-Алан» (Жахан), А. Тілеуханның «Мұзбалақ» (Мәрзия) спектакльдері. Қазақ театр қоғамының қазынашысы (1970-1990). ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1987). Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақты, дамыған мемлекет». Хоббиі - жас актерлерді оқыту. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет (оның ішіндө қазақ әдебиеті), драматургия, поэзия.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub