Хобыжық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хобыжықтар (Хоббит + құбыжық (гоблин), орыс. хобгоблин) – ағылшын фольклорында кішкентай жын (үй перісі мен орман перісі секілді) деген мағынаны береді.

Олар үйлерінен өте сирек шығады, оттың қасында жылынғанды жақсы көреді. Өте ренжігіш, өкпешіл болып келеді. Егер ренжіп қалса, қожайындарын көп әуреге салады. Ең алдымен - сүт ашып кетеді, киімдер өздігінен секілді жыртыла бастайды, жуылған еден кері лас болып қалады. Бір өкпелі хобыжық өзімен бірге барлық кілттерді алып кетіп, сүйікті құймағын пісіріп бергенше беруден бас тартқан деседі. Олардың бойы 2 фут, терісі қоңырқай, тыр жалаңаш немесе қара киім киіп жүреді. Ақкөңілділігі мен әрқашанда көмекке келуге дайын тұратынындықтарына қарамастан, хобоқұбыжықтар күмәнді абыройға ие болды. Көбіне оларды әзәзілдермен, жындармен шатастырды. Мысалыға, Джон Беньянның "Қажыға барушының жолы" атты кітабында «және жексұрын пері хобоқұбыжық» деген сөзді кездестіруге болады.<ref>Книга "Путь поломника" Үлгі:Ref-ru</ref>

Мәдениетте

  • Хобыжық (кейіпкер)Marvel комиксындағы фантастикалық кейіпкер.
  • Хобыжық — компьютер ойындарынағы құбыжықтың дамыған түрі. (Қылыш пен Сиқырдың каһармандары<ref>«Герои Меча и Магии»Үлгі:Ref-ru</ref>, The Elder Scrolls IV: Oblivion, D&DҮлгі:Ref-en).
  • Хобыжықтар сонымен қатар Нэнси Фармердың «Сұр алмалар жері»<ref>«Земля Серебряных Яблок»Үлгі:Ref-ru</ref> атты фантастикалық романында да кездеседі.

Сонымен қатар

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер