Хабиб ас-Сийар (шығарма)
Хабиб ас-Сийар Фи Ахбар Афрад әл-Башир — Гийас әд-Дин бен Хумам әд-Дин Мұхаммедтің жалпы тарихын баяндайтын шығарма. Еңбек 3 томнан және кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Ол парсы тілінде 1520 — 1524 ж. Гератта жазылған. Шығарма бірнеше рет қайта өңделген. Соның нәтижесінде “Хабиб ас-Сийар Фи Ахбар Афрад әл-Башир” алғашқы томы — 3 нұсқа, екіншісі — 2 нұсқа, ал үшіншісі — 3 нұсқа болып жеткен. Еңбекте “әлемнің жаралған күнінен бастап”, 16 ғ-дың 20-жылдарына дейінгі жалпы тарихи оқиғалар баяндалады. 3-томның 3 және 4-бөлімдері Темір әулетінің кейінгі тарихы мен Сефеви әулетінің алғашқы шаһы Исмаил Қ-ге арналған. Осы бөлімдерде қазақ тарихына қатысты көптеген деректер бар. Толық басылымы 1954 ж. Тегеранда шықты.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>
Дереккөздер
<references/>