Исмаил

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ислам пайғамбарлары Исмаил (Яһудилік есімі יִשְׁמָעֵאל Yishma'el Yišmāʻēl Yišmaˁel; Үлгі:Lang-el Ismaēl; Үлгі:Lang-la; Үлгі:Lang-ar) Ибраһим пайғамбардың баласы. Исмаил есімі Құрандағы Тәңір аян берген, адамдарға ғибадат етуді үйреткен пайғамбарлар арасында айтылады. Әйелі Сараның қызғаншақтығынан сескенген Ибраһим кіші әйелі Хажар мен Исмаилді Арабияға әкетуге мәжбүр болып, оларды сусыз далаға тастап кетеді. Бала қатты шөліркеген соң, шешесі ас-Сафа және әл-Маруа биігінің төбесіне шығып, алыстан құдықты, көгалды жерді көреді. Оларға Жәбірейіл көмекке келеді. Соның өмірімен Исмаилдің өкшесі тиген жерден қасиетті зәм-зәм бұлағы атқылайды. Араб шежірелерінің мәліметтері бойынша, Солтүстік Арабиялық тайпалардың барлығы да Исмаилдан тараған. Құранда әуелі тек Исмаил тек Зул-Кифл және әл-Йаса секілді жай кейіпкер қатарында ғана еске алынады. Кейін оның Ибраһиммен туыстығы атап көрсетілген.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Islam-stub