Формализм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ФОРМАЛИЗМ — 1) реализмге қарама-қарсы көркемдік тәсіл. Формализм көркемдік форманы мазмұннан бөліп, оны өнердегі бірден-бір ең құнды элемент деп дәріптеуден туды. Формализм нышаны өнерде 19 ғ-да байқалып, 20 ғ-да кеңінен тарады (футуризм, кубизм, сюрреализм, т.б.). Ол өнерде адамгершілік қағидаларынан, саясаттан тәуелсіз, өмір шындығынан, мазмұннан арылған “таза” эстетик. шығармалар жасау ретінде дәріптелді; 2) математика Формализм — формальданған аксиомалық әдіс немесе жалпы аксиомалық жүйе құру барысында классик. математиканың негізінде 20 ғ-дың басында туды;<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> 3) мораль табиғатын зерттеуде әлеум. мазмұнға қарағанда формальдық-логикa сәттердің басымдығын білдіретін этик. принцип ретіндегі Формализм бар. Ол адамдар арасындағы қатынаста нақтылы өмірлік жағдайлармен санаспай, дәстүр, әдет-ғұрып, жол-жоралғы, т.б. этикеттерді сақтап, мүлтіксіз орындауды уағыздайды. Қоғамдық басқару жүйесіндегі Формализм заңдар мен қағидалардың, нұсқаулар мен ережелердің мазмұнын толық ұғынбай, шын мәнін жете түсінбей, тек әрпі мен схемасына бас июден туындайды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}