Физика және техника

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Физика және техника 20 ғ. ғылыми-техникалық революция ғасыры деп аталады. Өткен дәуірлерге қарағанда біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар.

Біріншіден, ғылым мен техника үлкен қарқынмен дамып келеді.

Екіншіден, ашылған ғылыми жаңалықтар адамзат игілігіне айналып, жедел түрде өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізіліп отыр.

Техниканың қарышты дамуына физиканың қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан да техниканың негізі - физика деген пікір берік қалыптасқан. Физикалық білімнің техникада қолданылуын көрсететін көптеген мысалдарды келтіруге болады. Олардың қатарында күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген сан алуан электрлік, электрондық құралдар және басқа да күрделі техникалар бар.

20 ғ. ғылым мен техника саласындағы көптеген айтулы жетістіктері физикаға тікелей байланысты. Тарихтан белгілі «Әлемнің жеті кереметіне» парапар, 20 ғ. физика мен техникаға байланысты төрт ғажайып жетістігін атауға болады.

  • Физиктер атом ядросындаеы энергияны алу жолын тапты. Жер қойнауындағы жағылатын отындар (көмір, мұнай, газ, шымтезек, ағаш) қоры жылдан-жылға азайып барады. Міне, сондықтан атом энергиясының көзін табу - адамзат үшін айтарлықтай оқиға болды.
  • 20 ғ. адамзат физика мен техника жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылды. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері, орыс азаматы Ю.А. Гагарин 1961 жылы Байқоңырдан ұшты. Ғарышқа сапар шеккен біздің отандастарымыз - Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаев-тар да аса күрделі ғарыштық техниканы басқаруда ерлік пен біліктілік үлгісін көрсетті.

Ғарыштың адамзатқа берері мол. Сондықтан Жер бетін де, ғарыш кеңістігін де ұқыпты пайдаланып, үнемі қорғап отыру біздің әрқайсымызға жүктелген үлкен міндет, жауапты борыш.

Қазір лазерлік техника мен технология ғылымда да, өмірде де кең қолданыс табуда.

  • Адамзат ақыл-ойының 20 ғ. қол жеткен ең ірі табыстарының бірі - кибернетика және оған байланысты электпрондық есептеуіш техникасы.

Кибернетика ғылымының табыстарын өмірге жаппай енгізу жағынан біздің еліміздің алдында зор міндеттер түр. Әлемдік деңгейдегі кибернетика мен ақпараттық(информациялық) технология салаларындағы жетістіктер таңдай қақтырады.

Мысалы, «жасанды зерде» (интеллект) болып табылатын қазіргі кездегі суперкомпьютерлердің өз бетінше «ойлау» дәрежесі үш жасар баланың ойлау деңгейіне жетіп отыр. Міне, 20 ғ. ең басты төрт ғылыми-техникалық ғажайыптары осындай. Бұлардың барлығының да ғылыми негізі физикалық білім болып табылады. 20 ғ. үлесіне тиетін басқа да тамаша физикалық-техникалық жаңалықтар толып жатыр. Олардың қатарында алып мұхит кемелері мен сүңгуір қайықтарын, ұшақтарды, өндірістік және ауыл шаруашылық техникаларын, т. б. атауға болады.

Техниканың жетістіктері

Физика мен техниканың дамуына басқа ғылымдар да игі әсерін тигізуде. Соның ішінде астрономия, математика, химия, биология сияқты жаратылыстану пәндерінің орны мен қызметі айрықша зор.<ref>Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Phys-stub