Әлемнің жеті кереметі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.
Сурет:SevenWondersOfTheWorld.jpg
Әлемнің жеті кереметі
Олар:
- Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
- Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
- Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
- Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.
- Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
- Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
- Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.
Бұл алғашқы "Әлемнің жеті кереметіне", "Екінші 7 керемет", "Табиғаттың өзіндегі 7 керемет", "Қиял-ғажайып 7 керемет", т.б. "кереметтер" қосылып келеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> <ref>Балалар Энциклопедиясы, II- том</ref>
Дереккөздер
<references/>