Физикалық-географиялық жағдайды жаңғырту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Физикалық-географиялық жағдайды жаңғырту - шөгінді таужыныстар кешені немесе жекелеген таужыныстар қабаты түзілуінің физикалық-географиялық жағдайын қалпына келтіру; таужыныстардың заттық құрамын, олардың құрамындағы терригендік және аутигендік минералдарды, таужыныстардың құрылымы мен бітімін, оларға кіріккен органикалық қалдықтарды және шөгінді таужыныстардың әр түрлі қабаттарының бір-бірімен астасу ерекшеліктерін өте тиянақты түрде зерттеу нәтижесінде жүзеге асырылады. Физикалық-географиялық жағдайды жаңғырту қорытындылары фациялық-палеогеографиялық карталар түрінде жасақталады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}