Ферменттердің номенклатурасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Ферменттің классификациясы

Жүйелік атау бойынша әр ферменттің нөмірі (шифры) болады, ол төрт саннан тұрады және бұл сандардың арасы нүктемен бөлінген. Бірінші сан ферменттің класын білдіреді, екінші сан класс тармағын, үшінші сан-класс тармағы бөлігін, төртінші сан өз қатарындағы нөмірін көрсетеді. Жұйелік атау негізінен ғылыми әдебиеттерде пайдаланылады. Тривиалдық атаулар негізінен екі жолмен пайда болады: 1) фермент әсер ететін субстрат атауына–аза жұрнағы қосылады. Мысалы, мальтозаны ыдыратып, глюкозаның екі молекуласына айналдыратын фермент мальтаза деп аталады. 2) Фермент катализдейтін реакция атауына – аза жұрнағы қосылады. Мысалы, субстратты ыдыратып, су қосып алуды катализдейтін фермент гидролаза деп аталады, субстраттың, сутексізденуін жүргізетін фермент дегидрогеназа деп, химиялық топтарды тасымалдайтын ферментті трансфераза деп атайды. Кейбір ферменттердің тарихи қалыптасқан атаулары бар. Мысалы: пепсин, трипсин, папаин, эластаза т.б. Ферменттердің тривиалдық атаулары қысқа да қолдануға ыңғайлы.

Ферменттер катализдейтін химиялық реакциялар

Ферменттер катализдейтін химиялық реакциялар түріне қарай 6 классқа бөлінеді: 1) Оксидоредуктазалар – тотығу-тотықсыздандыру реакцияларын катализдеді. 2) Трансферазалар - реакцияларда атомдар мен атомдар топтарын тасымалдайды. 3) Гидролазалар - судың қосылуымен химиялық байланыстарды үзеді 4) Лиазалар - субстратты гидролиздік емес жолмен ыдыратып, қос байланыс түзу және керісінше реакцияларды катализдейді. 5) Изомеразалар – бір изомердің екінші изомерге ауысуын тездетеді. 6) Лигазазалар - АФТ энергиясы арқылы екі әр түрлі қосылыстың конденсиациясын катализдеп, С−С, С−О, С− N , С−S байланысын құрады Фермент молекуласының ферменттік қасиетін анықтайтын бөлігін ферменттің активті орталығы деп атайды. Ферменттің активті орталығы субстратпен байланысуға және ыдыратып өзгертуге міндетті. Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы р амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі. Күрделі ферменттерде активті орталыққа амин қышқылдарынан басқа металл иондары мен коферменттер кіреді. Олар катализ процесінде маңызды қызмет атқарады.

Ферменттердің активті орталығында реакцияласуға қабілеті

Ферменттердің активті орталығында реакцияласуға қабілетті топтары бар мынадай амин кышқылдары кездеседі.

Дереккөздер

<ref>Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993.</ref> <ref>Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия. –Алматы:«Білім», 1994.</ref> <ref>Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001.</ref>