Фердинат Абдрахимович Мамонов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Фердинат Абдрахимович Мамонов 1947 жылы 9 қарашада Гурьев қаласында туған.

  • Мәскеу Мемлекеттік ашық университетін инженер-механик мамандығы бойынша (1993) бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты (1999).
  • 1967 жылдан - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің автокөлік кеңсесінің учаске шебері. 1970 жылдан - Балықшы аудандық мұнай құбыры басқармасының Гурьев мұнай еткізу базасының технологиялық сорғылар машинисі. 1974 жылдан - Балықшы аудандық мұнай құбыры басқармасының мұнайды қайта айдау бас стансасының аға инженері. 1976 жылдан - «Гурьев» ЖӨДҚ ендірістік қызмет керсету ба- засы бастығының орынбасары, бастығы, «Гурьев» ЖӨДҚ бастығы. 1980 жылдан - Балықшы аудандық мұнай құбырлары басқармасының пайдалану учаскесінің бастығы. 1985 жылдан - Жаңаресей аудандық мұнай құбырлары басқармасының бастығы. 1987 жылдан - «Теңіз» желілік инженер- технологиялық қызметінің бастығы. 1988 жылдан Батыс Қазақстан бойынша құрылысы салынып жатқан магистралдық мұнай құбырлары әкімшілігі директорының орынбасары. 1989 жылдан - Балықшы аудандық мұнай құбырлары басқармасының бастығы, «Оңтүстікмұнай құбырлары» ӨБ бас инженері- бас директорының бірінші орынбасары. 1997 жылдан - «Қазақмұнайқұбыры» ЖТАҚ Атырау филиалының директоры, «Оңтүстікмұнайқұбыры» филиалыныңбасинжинері. 1999жылдан -«ҚазТрансОйл» ЖАҚ Батыс филиалының директоры. 2006 жылдан «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының бірінші орынбасары 2009 жылдың ақпанынан бері - «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының директоры.
  • «Құрмет» орденімен (1999), «Еңбекте үздік шыққаны үшін» (1974) медалімен марапатталған. Магистралды құбыр келігінің Құрметті қызметкері (2007).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}