ҚазТрансОйл
Үлгі:Компания ҚазТрансОйл (қысқаша ҚТО) — Қазақстанның мұнай құбыры инфрақұрылымындағы ірі кәсіпорын. Қазақстанның құбыр желісі инфрақұрылымының көп бөлігін пайдалануға береді. «ҚазТрансОйл» компанияның қарамағында 6500 км мұнай құбыры, 25 000 км су құбыры бар. ҚТО-ға тиесілі құбыр желілері оқшауландырылған үш тармақты: Батыс, Ақтөбе және Шығыс тармақтарын біріктіреді.
2000 жылы батыс тармағы ҚТО-ға жиынтық табыстың 70%-ын берді. Қазақстанда 2000 жылы өндірілген 33 млн тонна мұнайдың 75%-ға жуығы осы Батыс тармағымен айдалды. Шығыс тармағының жиынтық табыстағы үлесі 20%. Бұл тармақ Құмкөл мұнайгаз кенішін елдің солтүстік-шығысындағы Павлодар мұнай өңдеу зауытытымен және оңтүстігіндегі Шымкент мұнай өңдеу зауытымен жалғастырады. Ең кіші Ақтөбе тармағы қазіргі кезде тек солтүстікте, Ақтөбеде өндірілген мұнайды Ресейдің Орскідегі мұнай өңдеу зауытына тасымалдайды.
ҚТО өз табысының 95%-дан астамын мұнай тасымалдаудан алады, ҚТО барлығы 29 ұлттық және халықаралық тұтынушыға қызмет көрсетеді. Олардың негізгілері «Маңғыстаумұнайгаз» (29%), «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясы (25%), «Теңізшевройл» халықаралық компаниясы.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>
Мазмұны
Тарихы
Көрсеткіштер
Өндірістік көрсеткіштер
2009 | 2010 | 2011 | 2012 жылғы
1-жартыжылдық | |
---|---|---|---|---|
Мұнай тасымалдау көлемі*, мың тонна | 64 187 | 65 825 | 66 873 | 32 190 |
Мұнай жүк айналымы, млн. тн.*км | 38 709 | 41 351 | 42 244 | 20 203 |
Су беру, мың текше. м. | 18 926 | 21 361 | 21 192 | 11 058 |
Қызметшілер саны, адам | 9 993 | 10 034 | 9 992 | 9 848 |
* — Мұнай тасымалдау көлемі "Batumi Industrial Holdings Limited" компаниясының мұнай өнімдерін ауыстырып құю деректерін қамтиды.
Қаржы көрсеткіштері
2009 | 2010 | 2011 | 2012 жылғы
1-жартыжылдық | |
---|---|---|---|---|
Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсетуден алынған кіріс, млн. теңге | 126 181 | 138 241 | 140 478 | 66 358 |
Өзіндік құн, млн. теңге | 71 443 | 82 407 | 96 299 | 45 835 |
Жиынтық пайда, млн. теңге | 15 538 | 19 618 | 25 945 | 16 900 |
Алдыңғы жыл үшін дивидендтер төлеу, млн. теңге | 6 024 | 7 340 | 19 331 | 60 002 |
Дереккөздер
<references/>