Фақр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фақр - (парсы тілінен - дәруіштік). Абсолютті бақыт мағынасында қолданылады. «Бақытты болғандар фақирлер, өйткені «Алами самауат», яғни Құдайлық әлем оларға тән». Иасауидың «Фақр» философиясы Құрандағы «Тәңір бай, сіздер факирсіздер» (Кітап: 57/38:35/15) аятына негізделген. Фақр - адамның рухани кедейлігін және оның Тәңірге мұқтаж екенін білдіретін ұғым. Фақр - дегдар (аскет) дүниелік қызықтан ақиреттегі бақыт үшін саналы түрде бас тартқан адам. Фақр - суфи, дүниені де, ақирет де Ақиқат (Хақ) үшін тәрк еткен адам. Яғни, бұл жерде факир - «инсан-и камил», яғни толық рух тазалығына, рухани кемелдікке, «фана-фи-Аллах» мақамына ұласқан кемел адамды білдіреді. Фақр философиясы Аллаһтың ешнәрсеге мұқтаж емес, бай екендігі және адамның жаратылған болмыс ретінде әрдайым, оның жәрдемі, махаббатына (хидаяты, инаяты, истиқаматына) мұқтаж екендігі шындығына сүйенеді. Фақр түсінігі Хазіреті Мұхаммед Пайғамбарлық (с.а.у.) «Фақрлік менің мақтанышым - «ал-фақру фаһри» хадисінде көрініс береді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub